Креатив және сақтанымпаздық: теңгерімді қалай сақтауға болады?
25 сәуірде Алматы Менеджмент Университетінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ қоғаммен байланыс Департаменті қызметкерлері Марина Акмаева және Вадим Енмен кездесу өтті.
Қонақ дәріс аясында Марина және Вадим PR мамандығының студенттеріне консерватизм мен креатив арасындағы теңгерімді сақтау жолын және оның маңызы неде екенін түсіндіріп берді. Студенттер бұл тақырыпқа шынайы қызығушылықтарын білдіріп, сұрақтар жаудырып, қызу пікірталас туды.
«Бізге ұнағаны – келешек PR мамандарының белсенділі, көптеп қойылған сұрақтар болды», - деп, «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығының басшысы Марина Акмаева өз ойын білдірді.