AlmaU-да Константин Горожанкин шеберлік мектебін өткізді
20 қазанда Алматы Менеджмент Университетінде (бұрынғы ХБА) Константин Горожанкиннің* «Қазақстандағы электронды коммерция» тақырыбына шеберлік мектебі өтті.
Константин әңгімесін Қазақстан мен әлемдегі ғаламтор коммерциясы саласындағы тренділер туралы бастап, әрі қарай сонау 90-шы жылдар соңында төлем жүйесін жасағаны туралы еске түсірді. Айта кету керек, банкілерден келіп түсетін смс-хабарламаларды жіберу идеясы Константинге тиесілі, ол осы идеяның авторы, бұл өнім алғаш Қазақстанда қолданылып, кейін әлемге тарады.
Горожанкин e-commerce саласы бойынша идеялары бар потенциалды авторларға : «Егерде сіздердің қызықты IT-жобаларыңыз болса, бізге «I Startup School-ға» келіңіздер, шынында, бастаманың келешегі бар болса, біз оны іске асыруға көмектесеміз» деді.
*Константин Горожанкин – Қазақстандық Интернет Бизнесі Ассоциациясының Президенті. CNP Processing GmbH (Processing.kz) бас менеджері. iMix, iProf, InvestorDay интернет-конференциялардың бірге қожалық етушісі және басқа да интернет жобалардың да. Қазақстан Ғаламторындағы бірегей AWARD.kz. сайттар байқауын ұйымдастырушылардың бірі, «Звезды Татнета» 2005-2006 жж. Халықаралық интернет жобалар байқауы қазылар алқасының мүшесі.