AlmaU-да Константин Горожанкин шеберлік мектебін өткізді

Жаңалықтар

Қазан 21, 2015

AlmaU-да Константин Горожанкин шеберлік мектебін өткізді

20 қазанда Алматы Менеджмент Университетінде  (бұрынғы ХБА) Константин Горожанкиннің*  «Қазақстандағы электронды коммерция» тақырыбына шеберлік мектебі өтті.

Константин әңгімесін Қазақстан мен әлемдегі  ғаламтор коммерциясы саласындағы тренділер туралы   бастап,  әрі қарай сонау  90-шы жылдар соңында  төлем жүйесін жасағаны туралы еске түсірді. Айта кету керек,  банкілерден келіп түсетін смс-хабарламаларды жіберу  идеясы Константинге тиесілі, ол осы идеяның авторы, бұл өнім алғаш Қазақстанда қолданылып, кейін әлемге тарады.

Горожанкин  e-commerce  саласы бойынша   идеялары бар потенциалды авторларға : «Егерде сіздердің қызықты IT-жобаларыңыз болса, бізге  «I Startup School-ға» келіңіздер, шынында, бастаманың келешегі бар болса, біз оны іске асыруға көмектесеміз» деді.

*Константин Горожанкин – Қазақстандық  Интернет Бизнесі   Ассоциациясының  Президенті. CNP Processing GmbH (Processing.kz) бас менеджері.  iMix, iProf, InvestorDay  интернет-конференциялардың  бірге қожалық етушісі және басқа да интернет жобалардың  да.  Қазақстан Ғаламторындағы бірегей  AWARD.kz.  сайттар байқауын  ұйымдастырушылардың бірі, «Звезды Татнета» 2005-2006 жж. Халықаралық интернет жобалар байқауы  қазылар алқасының мүшесі.

Бөліс: