"ЗачОт-2016" журналистерге арналған конкурс
"ЗачОт-2016" журналистерге арналған конкурс
Қазақстандағы білім беру тақырыбын басылым беттерінде көтеріп, оны ойлы және объективті жазатындар үшін!
Өзін белгілі бір қалыпта шектемейтін және мәселенің түпкі тамырын көре білетіндер үшін!
Өз кәсібінде көшбасшылыққа жетуді мақсат ететіндер үшін!
«ЗачОт-2016» номинанттарына Қазақстан Республикасында өткен жылы басылым беттерінде білім беру тақырыбын қамтыған отандық авторлар мен бұқаралық ақпарат құралдарының редакторлары ие бола алады.
Конкурсқа ұсынылған жұмыстармен құрамында белгілі журналистер, баспагерлер және білім беру саласының өкілдері бар қазылар алқасы танысып шыққаннан кейін, конкурсқа өз жұмыстарын ұсынған авторлар мен БАҚ арасынан жеңімпаздар анықталады. Олар 2017 жылдың наурыз айында өтетін Марапаттау рәсіміне шақырылады. Жеңімпаздарды ұйымдастырушылар мен демеушілердің атынан бағалы сыйлықтар мен кәдесыйлар күтеді.
Қатысушылардың назарына ұсынамыз!
Биыл конкурсқа берілген жұмыстарды іріктеу процесі басқаша өткізіледі.
Егер бұрын номинанттардың бір бөлігі «ЗачОт» республикалық конкурсының тұрақты серіктесі Қазақстан Баспасөз клубы ұсынған 2016 жылғы масс-медиа беттеріндегі жарияланымдарға мониторинг өткізу арқылы анықталып келген болса, енді биыл барлық номинанттар конкурсқа жұмыстарын берген журналистер мен БАҚ ішінен таңдалады.
Іріктеу талаптарының ішінде басты мән берілетіні – жарияланымдардың өзектілігі және маңыздылығы әрі оның жан-жақты қамтылуы, кәсібилігі және ұсыну шеберлігі, т.б. Сонымен қатар, ұсынылған барлық материалдар бұқаралық ақпарат құралдарында тегін басылған болуы тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін не қажет:
2017 жылдың 20 ақпаны сағат 18.00-ге дейін 2016 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін басылым беттерінде жарық көрген өз жұмыстарыңызды ( мақала мәтінін, ТВ-радио сюжеттерді ) - e-mail zachot.iab@gmail.com және pr@almau.edu.kz электронды пошталарына «ЗачОт-2016» деген белгімен жіберулеріңіз керек.
Конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптар:
- материалдар *.doc,*.docx форматында интернеттегі жарияланымға сілтемемен (егер интернетте басылып шыққан болса және полиграфиялық басылымдардың сканерленген көшірмесі қажет);
-ТВ және бейнесюжеттер үшін: материалдар CD- немесе флэшкада ұсынылуы қажет немесе материалға сілтеме жіберілуі тиіс . Сондай-ақ, автор аты, бұқаралық ақпарат құралдарының атауы, басылып шыққан немесе эфирге шыққан уақыты және сіздің байланыс ақпараттарыңызды (ұялы және жұмыс телефонын, электрондық поштаны) көрсетуіңіз керек
Құрметті журналистер!
Түсініспеушіліктерді болдырмау үшін, жіберген материалдарыңыздың жеткені туралы баспасөз қызметінің телефондары арқылы хабарласып, нақтылауларыңызды сұраймыз
Сіздердің жұмыстарыңызды күтеміз! Табыс тілейміз!!!
Facebook-тегі біздің тобымыз: білім беру тақырыбын көтеріп жүрген БАҚ арасындағы Республикалық "ЗачОт" конкурсы
Alma University баспасөз қызметі:
Майгүл Қондықазақова, жоба жетекшісі: +7 777 319 34 48, (727) 313 27 58 pr@almau.edu.kz, zachot.iab@gmail.com
Артемий Галкин, жоба үйлестірушісі: +7 707 102 62 92, (727) 313 30 41, a.galkin@almau.edu.kz
Қазақстан, 050060, Алматы қаласы, Розыбакиев көшесі, 227 www.almau.edu.kz