AlmaU «Капитал» КВН командасы Бакуде алтынды жеңіп алды!

Жаңалықтар

Желтоқсан 11, 2015

AlmaU «Капитал» КВН командасы Бакуде алтынды жеңіп алды!

Алматы Менеджмент Университетінің  (бұрынғы ХБА) «Капитал»  КВН командасы Аймақтық Әзірбайжан лигасы ойындарының екінші маусым финалына қатысты. Әзірбайжанның, Қазақстан мен Ресейдің 10 командасы арасындағы сайыста табан тірескен күресте біздің жігіттер 1-орын алып, «Үлкен кубокқа» қол жеткізді!

Біздің жеңімпаздарымыз кеше ғана Бакуден оралды! Команда құрамында  8 адам, олар: Имамдунов Дильшат, Нұрманбетов Мадияр, Төлегенов Алимжан, Шамшатов Нұржан, Мұратов Нұрасыл, Джунусов Тимур, Векимов Азиз және команда капитаны Сижад Абдул-Ахмад.

Команда «ардагерлерінің» бірі  Нұржан Шамшатов осынша бәсекелестерден қалай озып шыққандары туралы ой бөлісті.

- Қалай ойлайсың, Бакуден сендерге  «алтынды» алып келуге не көмектесті?

- Табысқа жетуге итермелеген нәрсе қазақ әзілінің ерекшелігі. Бізді шетелде біледі, қазақтардан үнемі қызықты ойын, керемет әзілдер күтеді. Шынын айтсақ, біздің  жеңіске жетуге деген ынтамыз зор болды, сол себепкер болған шығар ))

- Осы сапар барысында  ерекше есте қалған нәрсе болды ма?

- Баку өте ұнады, әдемі, қонақжай қала. Біз аты аңызға айналған  «Қыз мұнарасын» көрдік, «Бриллиантовая рука» фильмін түсірген жерде болдық. Финал несімен есте қалды дейтін болсақ, бізбен бұрын Астанада кездескен Ресей командасы ойнады, қазіргі уақытта Жоғары лиганың финалисі Дагестанның құрама командасы  қарсыласымыз болды, олармен бұрын ойнап көрмеген болатынбыз. Дагестандықтар кавказ колоритін көрсетіп, ал біз қазағымыздың колоритімен шықтық, оған қосымша әзірбайжан ерекшелігі… Сондай керемет қоспа болды! Бірақ біздің әзіліміз олардікінен мықтырақ шықты!

- Сонда біздің әзіл, айтайық, әзірбайжан әзілінен қалай ерекшеленеді?

- Біздің әзілімізде қарама-қайшылық көп болды, бізде күтпеген нәрсе әзілге айналады. Ешқашан оның немен аяқталатынын білмейсің.Бірақ әзірбайжандықтар да мықты, оларды жеңу оңайға түскен жоқ. Оның үстіне олардың жүргізушісі  Александр Александрович Масляков және бас редакторы Дмитрий Колчин (КВН Жоғары Лигасының редакторы) болды, олар әзірбайжан лигасының деңгейін көтеруге мүдделі. Менің байқағаным, жас әзірбайжан командалары бұрынғыдан тәуір ойнайтын болған.

-Енді не істемексіздер?

- Қазір 2016 жылдың қаңтарында өтетін Сочи байқауына бару үшін демеушілер іздеп жатырмыз. Өткен жылы біз Астанада КВН Ұлттық лигасында ойнағанбыз, жартылай финалға өттік те, бірақ финалға өте алмадық. Өткен жылы Сочиде жақсы жетістіктерге жеттік, біз жоғары рейтинг алдық, содан кейін бізді 5 ресейлік орталық лига шақырды. Енді әрі қарай өсу, даму үшін мүмкіндіктер мен демеушілерді іздейміз.

- Кәне-ки, қойылымдарыңыздан әзілдеріңіздің бірін айтып берсеңіз.

- Бакуде сахнаға шыққанда, соңында  біз былай деп әзілдедік: «Міне-ки, енді біздің Әзірбайжан мен Қазақстан тек қана Каспий теңізін біріктіріп қоймайды. Енді біз екі туыс түркі халқымыз. Міне, қараңыздаршы, сіздерде мұнай бар, бізде де мұнай бар. Сіздерде девальвация болды , бізде де девальвация болды. Сіздер өте жомарт халықсыздар, солай .... кубокты бізге беріңіздер!»

Бакулықтар өздерінің жомарт екенін көрсетті.  Кубок - біздік! Ал басқа марапаттар туралы айтатын болсақ,  "Орта Кубокты" «Политех» Әзірбайжан техникалық университеті мен Дагестан мемлекеттік университетінің  «Добрые Люди» командасы бөліп алды,  "Кіші Кубок" Әзірбайжан мемлекеттік экономикалық университетінің  командасы «Wallstreet» және  маусым соңына дейін мықты қарқын алған «ASAN» командасы болды. 

Бөліс: