Қытау университеттері жақындай бастады
Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU, бұрынғы ХБА) ректорының Қытайға маңызды әрі аса нәтижелі сапары аяқталды. Осы сапар аясында Асылбек Қожахметов Гонконг, Шанхай және Ханчжоудағы бірнеше ЖОО-ларында болды.
16 қазанда Асылбек Қожахметов Гонконг Политехникалық университетінде (PolyU) алмасу бағдарламасы бойынша оқып жатқан біздің студенттермен кездесті. AlmaU ректоры білім беру бағдарламаларына қызығушылық танытты, атап айтқанда профессорлық-оқытушылық құрам үшін, «Жобаларды басқару», «Энергетикалық сектордағы басқару» салалары бойынша да жаңалықтарға көңіл бөлді.
17 қазанда AlmaU президенті Шанхайға ұшып келгенде Қазақстанның Бас консулдығына барып, Джао Тонг Шанхай Университеті Экономика және Менеджмент Антай Колледжінде болды.
Шанхайда AlmaU басшысы ҚР бас консулы Жошыхан Қыраубаевпен кездескендегі әңгімелеріне арқау болған тақырыптың бірі Алматы Менеджмент Университетінің қытай жоғары оқу орындарымен ынтымақтасуы туралы болды.
Джао Тонг Шанхай Университетінде болғанда Almaty Management University делегациясымен қабылдаушы жақ – Экономика және Менеджмент Антай колледжі арасында студенттерді алмасу бағдарламасы бойынша келіссөздер жүрді, соның нәтижесінде университеттер арасында жыл сайын студенттермен алмасу болатыны жайында келісім жасалды.
Чжэцзян университетінде болғанда екі жақ бірлескен кәсіпкерлік Орталығын дамыту туралы мәселелерді талқылады, сонымен қатар студенттер үшін жазғы мектеп құруды, жергілікті кәсіпкерлерді шақыру арқылы қонақ дәрістерін ұйымдастыру және компанияларға бару мүмкіндіктері айтылды.
19 мен 22 қазан аралығында Асылбек Қожахметов «World Entrepreneurship Forum» атты Ханчжоуда Чжэцзян университеті ұйымдастырған кәсіпкерлердің Дүниежүзілік форумына қатысты.