Жақсы жаңалық: AlmaU-да Диссертациялық кеңес құрылды

Жаңалықтар

Қараша 18, 2022

Жақсы жаңалық: AlmaU-да Диссертациялық кеңес құрылды

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім сапасын қамтамасыз ету комитетінің шешімімен (2022 жылғы 9 қарашадағы № 73 бұйрық) 8D041 «Бизнес және менеджмент» бағыты бойынша Диссертациялық кеңес құрылды. Алматы Менеджмент Университетіне келесі бағыттар бойынша диссертациялық кеңес құруды мақұлданды:

 

8D04105(6D021500) «Бизнес әкімшілігі»

8D04101(6D050700) «Менеджмент»

8D04103(6D051100) «Маркетинг»

 

Тұрақты Диссертациялық кеңестің мүшелері:

Исахова Парида Бакировна (Диссертациялық кеңес төрайымы), э.ғ.д., доцент

Смыкова Мадина Раисқызы (Диссертациялық кеңес төрағасының орынбасары), э.ғ.к., доцент.

Никифорова Нина Владимировна, экономика ғылымдарының докторы, профессор

Тілеубердинова Айжан Тоқтарқызы, экономика ғылымдарының докторы, профессор

Әлібекова Гүлназ Жанатқызы, PhD

Сәтпаева Зайра Төлегенқызы, PhD

Жидебекқызы Ақнұр, PhD докторы

 

Диссертациялық кеңестер тізіміне сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/quality/documents/details/370477?lang

 

Бөліс: