Қазақстандық сән индустриясының бизнесі Ұлыбританиядан келген фэшн-сарапшылардан жеке кеңес алады
Аяқ киім, киім және аксессуарлар сияқты сәнді тауарларды өндірумен айналысатын, сондай-ақ оларды бөлшек саудада сататын сән индустриясының бизнесі, Fashion Consultancy Clinic резиденттері бола алады және Ұлыбританияның кәсіби сарапшыларынан жеке кеңестер мен консалтинг ала алады.
Fashion Consultancy Clinic – бұл Creative Spark: Higher Education Enterprise Programme жобасы аясында Қазақстандағы Британ Кеңесінің үйлестіруімен University of Northampton және Almaty Management University ғаламдық әріптестігінің бір бөлігі.
Қазақстандық дизайнерлер мен аяқ киім, киім және аксессуарлар өндірушілер үшін бұл бизнес алдында тұрған міндеттер бойынша жұмыс істейтін шешімдерді табудың, бәсекелестер мен перспективаларға талдау жасаудың, сондай-ақ сатуды арттыру, жаңа өнімдерді нарыққа шығару және жаңа тауашаларды игеру әдістемесін білудің бірегей мүмкіндігі. Сондай-ақ, бұл олардың бірегей міндеттері үшін практикалық және аз бюджеттік шешімдер табу мүмкіндігі.
Сарапшылар кім?
Сарапшылар Ұлыбританиядан келген мамандар (University of Northampton). Олар фэнш-бизнестің нақты консалтингін алуға мүмкіндік береді және сіздің бизнесіңіздің өсуі, дамуы және жаңғыруы үшін шексіз мүмкіндіктер ашады.
Қалай резидент болуға болады?
Fashion Consultancy Clinic қатысуы – тегін. Конкурстық негізде жобаны ұйымдастырушылар қатысу және консалтинг үшін 4 компанияны іріктейді.
Сарапшылар резиденттің өтінімі негізінде және резиденттер өз бизнесі үшін шақырулар мен проблемалар сияқты мәлімдейтін тақырыптар бойынша консалтингтік сессияларды өткізетін болады. Консалтингтік сессия өткізілгенге дейін сессия жоспары, сұрақтар мен тақырыптар тізімі келісіледі.
Үйлестіру тобы өтінім негізінде сессияға дайындық бойынша алдын ала жұмысты жүзеге асырады. Консалтингтік сессияда бизнес иесі мен Fashion Consultancy Clinic сарапшыларының бірлескен жұмысы жүргізілуде. Тақырып пен сұрақтарға байланысты сарапшы тапсырманы шешу үшін қажетті ақпаратты, шешім нұсқаларын және кейстерді ұсынатын болады.
@Fashionbusiness.kz - жоба Instagram бетіндегі жаңалықтар мен жаңартуларды қадағалаңыз.
Өтінімді 2020 ж. 28 сәуірге дейін толтырып, электронды мекен-жайға жіберіңіз: creativesparkalmau@gmail.com , тақырып: КЕЙС-Сіздің компанияңыздың атауы.
Өтінімді мына жерден алуға болады: https://bit.ly/fashionconsultancyclinic
2018 жылы AlmaU Қазақстандағы Британ Кеңесінің грант иегері атанды – Creative Spark: Higher Education Enterprise Program. AlmaU атынан жобаны басқару School of Entrepreneurship and Innovation орындайды. Creative Spark жаһандық бастамасының аясында Almaty Management University мен University of Northampton арасындағы серіктестік пайда болды. Fashion Business Convention бірінші кездесуі 2018 өтті және fashion-индустрияға арналған іс-шаралар топтамасын ашты.
Creative Spark – бұл Біріккен Патшалықтын қолдауымен Орталық Азияны (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан), Оңтүстік Кавказ (Әзірбайжан, Армения, Грузия) және Украинаны қоса алғанда, жеті елде кәсіпкерлік дағдылар мен креативті экономиканы дамыту мақсатында халықаралық университеттерді қолдау және халықаралық әріптестік құру жөніндегі Британ Кеңесінің бес жылдық бастамасы. Жоғары білім беру саласындағы реформаларды қолдау және осы жеті елде жұмысқа орналасу проблемаларын шешуге жәрдемдесу үшін Біріккен Пашталықтын тәжірибесі кәсіпкерлік саласындағы білімді дамыту үшін пайдаланылатын болады.