Қазақстанда халықаралық деңгейдегі тәуекел-менеджерлерді дайындай бастайды

Жаңалықтар

Мамыр 08, 2019

Қазақстанда халықаралық деңгейдегі тәуекел-менеджерлерді дайындай бастайды

AlmaU* Бизнес жоғары мектебі МВА бағдарламасының "Қаржы инжиниринг"** мамандығы  халықаралық аккредитациядан Global Association of Risk Professiоnals (GARP***) сәтті өтті. Енді AlmaU-дың БЖМ бағдарламасының тыңдаушылары оқу кезінде қаржы саласындағы тәуекел-менеджмент бойынша (FRM®) Халықаралық емтихан тапсыра алады. Сертификаттау (FRM®)   халықаралық деңгейде Master's Degree standard ретінде АҚШ-та, Сингапурда, Үндістанда және басқа да елдерде жарамды болып табылады.

БЖМ – GARP-тың Қазақстандағы алғашқы және жалғыз академиялық серіктесі. Осы аккредитацияны алғаннан кейін AlmaU ТМД елдерінде бизнес-білім беру нарығын дамыту үшін жаңа жоспар жасап отыр.

Сертификатталған тәуекелдерге деген сұраныс 2008 жылғы дағдарыс кезеңінен бастап бүкіл әлемде өсіп келеді. Экономикадағы нақты салалардың талаптарына бірінші болып жауап қатып, 2019 жылы енгізілген Қазақстандағы тәуекелге-бағытталған қадағалауды жасаған Бизнес жоғары мектебі уақыт өте келе алға жылжып, қазақстандық бизнес-білім беру саласындағы тренд орталық болып қала береді, -деп есептейді AlmaU-дың БЖМ деканы Гульнар Куренкеева: "Қазіргі  таңда бизнесте тәуекел  менеджмент  әлеуметтік жауапкершіліктің негізгі бір бөлігі ретінде маңызды рөл атқарады. Бағдарлама тәуекел-менеджментті дамытудың жаһандық және қазақстандық трендтерін ескере отырып дайындайды. Біздің "Қаржы инжиниринг" МВА бағдарламасы өтінім берілгеннен кейін  аз уақыттан кейін аккредиттациялаудан өтті. Бұл құжаттар GARP талаптарына сәйкес келетінін атап өтуге болады. Сондай-ақ ол қос жаһандық аккредитациясы бар ҚР-дағы жалғыз бағдарлама болып табылады. Түлектер, қазақстандық дипломнан басқа, әлемдік қауымдастық мойындаған AlmaU –дың БЖМ дипломын және АМВА атаулы сертификатын алады. Естеріңізге сала кетейік, университеттегі  МВА бағдарламасы (АМВА, Ұлыбритания) әлемдік қауымдастығының аккредитациясы бар Қазақстан мен Орталық Азиядағы жалғыз бизнес-мектеп болып табылады".

Қазіргі уақытта  тәуекел-менеджмент-жеке мамандықтарға  қарағанда  менеджер жұмысының ажырамас бөлігі. Кез- келген бизнес белгісіздік пен тәуекел жағдайда жасалады. Сонымен қатар, біз қазіргі онжылдықта перманентті дағдарыс дәуірінде өмір сүреміз және тәуекелдерді басқара білуіміз керек. Көптеген жұмыс берушілер үміткерлерге, әсіресе негізгі  позициядағы жұмыстарға осы талаптарды қояды. Соңғы жылдары 10 жыл бұрынғы кездегідей тәуекел-менеджерлер жетіспейді. Сарапшылар экономиканың барлық сегменттеріндегі тәуекелдерді модельдеуге және қаржылық бағалауға қабілетті білікті кадрларға деген сұраныстың жоғары екендігін  атап өтті.

"GARP (Global Association of Risk Professionals) сайтында бүкіл әлем бойынша сертификатталған FRM мамандарының ақпараты орналастырылған, олардың саны 45 мыңнан асады, бірақ Қазақстанда небәрі  10 сертификатталған тәуекел-менеджер бар екен. Ендігі біздің мақсатымыз осы санды екі есеге арттыру және алдағы 2 жылда 100-ге жеткізу міндеті тұр. Біздің елімізде қаржы секторында ресми түрде жұмыс істейтін 100 мың адамға 10 сертификатталған тәуекел-менеджерден келуі                                                                             көп емес екенін ескере отырып, қаржы индустриясында көптеген адамдар тәуекелжағдайларды кәсіби басқармайды деп айтуға болады. Мұндай кезде  тәуекел жасауды қалай басқару қажет, бұл тек тәуекел менеджерлерге ғана емес, сонымен қатар аудиторларға, комплайенс-мамандарға, талдаушыларға және басқаларына да қажет. Біз тәуекелдерді барынша жоғары деңгейге жеткізу үшін компаниялардың өз мамандарын халықаралық сертификаттауға оқытуға деген қызығушылығын байқаудамыз", - деді АХҚО тренинг-орталығының жетекшісі Руслан Мулдашев.

2019 жылдың мамыр айында басталатын МВА бағдарламасында АХҚО қолдауымен (Астана халықаралық қаржы орталығы) бірнеше тыңдаушы жыл сайын FRM® (Financial Risk Manager) сертификаттаудың бірінші деңгейін тегін өте алады.

AlmaU-дың БЖМ-ы -әлемдік деңгейдегі нормативтер бойынша кадрлар даярлайтын Қазақстандағы жалғыз бизнес-мектеп.

Айта кету керек "Қаржы инжинирингтің" сағат саны дәстүрлі МВА бағдарламасына қарағанда көп. Ол қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына бағдарланған және турбулентті макроорта жағдайында қаржылық тәуекелдерді талдау мен бағалаудың заманауи құралдарын игеруге мүмкіндік береді. МВА-ның "Қаржылық инжиниринг" жаңа бағдарламасындағы  "Қаржылық тәуекел-менеджер" мамандығы тәуекел-менеджер сияқты қажетті мамандандарды дайындауға өз үлесін қоса алады. Осы бағдарламаның жақсы  жақтарының бірі -оның тәжірибеге  бағдарлануы, интегралдануы болып табылады (түрлі салалардан, соның ішінде салалардың түйіскен жерінде білім беріледі). Бағдарламаның мақсаты-белгісіздік пен қауіпті жағдайда тәуекел-менеджменттің тиімділігін арттыру.

*AlmaU – Almaty Management University, Қазақстандағы алғашқы кәсіпкерлік  университет.

**«Қаржылық инжиниринг» бағдарламасы – АХҚО бюросымен бірлесе отырып жасалған. Оның негізгі мақсаты-қаржы нарығындағы  жергілікті мамандардың кадрлық әлеуетін дамыту, халықаралық кәсіби сертификаттауды танымал ету, АХҚО эко-жүйесінде және одан тыс жерлерде  халықаралық деңгейде жұмыс істеу үшін мамандардың кадрлық резервін құру.

***GARP (Global Association of Risk Professiоnals), Тәуекел-менеджменттегі кәсіпқойлардың жаһандық қауымдастығы-коммерциялық емес құрылым болып табылады. Оның басты мақсаты тәуекел-менеджмент саласындағы білім беру бағдарламаларын қолдау және қаржы индустриясында оның дамуы мен жаңа тәуекелдердің пайда болуымен туындайтын мәселелерді шешу болып табылады.

Сұрақтар бойынша хабарласатын байланыс телефондары:

8 (727) 313 30 78

8 707 444 92 10

Бөліс: