AlmaU-дағы білім беру инновациялары

Жаңалықтар

Қаңтар 31, 2017

AlmaU-дағы білім беру инновациялары

2017 жылдың 28 қаңтарында  Алматы Менеджмент Университеті   Academic Entrepreneurship Studio  және  Center ofExcellence  бірлесе отырып,  бизнес білім беру саласындағы жетекші тренер – сарапшылардың көмегімен үлкен топтарда интербелсенді әдістерді қолдану арқылы  профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін  арттыру бойынша  жаңа жоба бастады.

Бір ай бойы оқытушылар   Blended Learning (аралас оқыту) әдісі бойынша білімдерін жетілдіріп, өз сабақтарында  геймификация, фасилитация,  визуалдау элементтерін, E-leaning ( оқу процесінде  электронды оқыту элементтері, әлеуметтік желіні қолдану және т.б.) әдісін қолданып көреді.  

Әлемдік практикада қазіргі уақытта   жеке тұлға ерекшеліктерін ескере отырып,   IT-технологияны пайдалану арқылы үлкен топтарда дәріс, сабақ өту тәжірибесі кең таралған.  Осы жобаның нәтижесі ретінде оқытушылардың интербелсенді әдістерді қолдану арқылы дайындаған сабақтары, олардың көрсетілімдері ( трансляция) қарастырылады.  

Жобаның тренері - бизнес-тренер, бизнес-консультант, фасилитатор, коуч, кәсіби  медиатор Медина Мамежанова. Сонымен қатар Медина коучинг, креативті ойлау, визуалдау  бойынша  білім беретін бағдарламалардың авторы,  Алматы және Астана қалаларында персоналды оқыту және дамыту бойынша өтетін жыл сайынға   T&D  фестивалінің құрылтайшысы

Бөліс: