Қазақстанның үш ғалымы «Академиялық адалдығы үшін» марапатына ие болды

Жаңалықтар

Мамыр 27, 2016

Қазақстанның үш ғалымы «Академиялық адалдығы үшін» марапатына ие болды

2016 жылдың  24 мамырында  Aлматы Менеджмент Университетінде  (Alma University), бұрынғы ХБА, «Бизнес және қоғам: дамудың заманауи  басымдығы»  конференциясы аясында   Alma University  белгілеген  «Академиялық адалдығы үшін» марапатына ие болған  қазақстандық үш ғалымды  құттықтау салтанаты өтті.

Естеріңізге сала кеткіміз келеді,   2015 жылы  Almaty Management University, бұрынғы ХБА, отандық ғылымның   тиімділігі    мен  ғылыми  этиканың  жоғары  мәртебесін   қорғауды   мақсат ете отырып,  ҚР БҒМ бекіткен талаптарға  сәйкес   Қазақстан профессорлары ғылыми атағын алған ғалымдарға   «Академиялық  адалдығы үшін»  деген  жыл сайын берілетін арнайы  марапат тағайындады. Бұл марапатқа  ғылыми  атақтардың берілу Ережесіне сәйкес  ғылыми атақ алған Қазақстан  ғалымдары ие бола алады (ҚР БҒМ  31.03.11 бұйрығы), сонымен қатар: «Томпсон Рейтер  базасының  импакт-фактор  ақпараты бойынша  басылым  жасауға рұқсат етілген халықаралық  журналдарда  3 мақаладан артық  еңбегі жарық көрген  ғалымдар да марапатталады». Өкінішке орай, қазақстандық ғалымдардың еңбектері рұқсат етілмеген, бекітілген  тізімге енбеген  журналдарда басылып шығу  деректері  де кездеседі .

Өткен жылы  ғылыми атақ  алған ғалымдардың ішінен тек үшеуі ғана жоғарыда аталған талаптарға сай келіп, оларға  AlmaU  белгілеген  құрметті  марапат  берілді.

Нағыз ғалымдардың  аты-жөндері:

1. Коданова Сандуғаш Құлмағамбетовна,  физика-математика  ғылымдарының  кандидаты, доцент, ҚР Білім және ғылым министрлігі «Әл Фараби атындағы  Қазақ ұлттық университеті»  эксперименталды және теориялық  физика  РМӨ Ғылыми зерттеу институтының  жетекші  ғылыми қызметкері;

2. Базарханов Дауренбек Болысбекович, ф.-м. ғ.к, ҚР  БҒМ ғылым Комитетінің «Математикалық  модельдеу  және математика Институты»   функция теориясы және функционалды  талдау бөлімінің меңгерушісі ;

3. Джансугурова Лейла Булатовна,  биология ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚР БҒМ ҒК «Жалпы генетика және цитология институты»   бас директоры.

 «Академиялық адалдығы үшін» марапат  Қазақстан Республикасының  үш Профессорына  «Бизнес және қоғам: дамудың заманауи  басымдығы»  конференциясы  кезінде  тапсырылды.

AlmaU бірінші проректоры  Гүлмира  Курганбаева, ғалымдарға  осы марапатты ұсына отырып,  «Ғылымның ең маңызды қағидаттары  болып   шындық  пен  адалдық  есептеледі. Осыған орай, біз Қазақстанның  бүкіл ғылыми ортасында академиялық адалдықты  алға жылжытуды елеулі мәселе деп санаймыз. Соңғы кезде  қоғам назарына ерекше ілігіп отырған нәрсе – плагиат, біз олардың диссертацияларда, саясаткерлер мен министрлер, премьер-министрлер  монографияларында да кездесіп жатқанын білеміз, осындай әрекеттер Қазақстанда да орын алып келеді.   Біздіңше, білім саласында жазылған   еңбектерде  кездесетін плагиатты,  қазақстандық  ғалымдардың  рұқсат етілмеген басылымдарға  еңбектерін жариялау мәселесін көтеруіміз қажет. Біздің мақсатымыз -  ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында  өз еңбектерін жариялағанда  ғылыми этикет талаптарын сақтайтын  ғалымдардың мәртебесін  көтеру, қоғамның , бұқаралық ақпарат құралдарының назарын осы мәселеге аударту,» -деп өз ойын білдірді. 

Интернет-сайт: i-News.kz

Бөліс: