AlmaU зерттеуші студенттер үшін байқау өткізеді!

Жаңалықтар

Қазан 19, 2015

AlmaU зерттеуші студенттер үшін байқау өткізеді!

2015 жылдың 15 қазанында  Aлматы Менеджмент Университетінде  (AlmaU, бұрынғы ХБА) студенттер арасында маркетинг және әлеуметтік зерттеулер бойынша  Екінші халықаралық ғылыми-практикалық  байқау өз жұмысын бастайды, ұйымдастырушылары: КАПИОР (ҚҚПНКЗА) және КЕББМ «Алматы Менеджмент Университеті».

Байқауды өткізудің мақсаты зияткерлік әлеуетті қалыптастыру және студенттердің шығармашылық  әрі сыни ойлау қабілеттерін дамыту болып табылады.

Байқауға барлық жоғары оқу орындарының қатысқысы келетін студенттері шақырылады.

Байқаудың өткізілу тәртібімен байқау туралы Ережеден білуге немесе  www.almau.edu.kz, www.kapior.kz   сайттары арқылы танысуға болады.

*КАПИОР  (ҚҚПНКЗА) – Қазақстандық қоғамдық пікірді және нарықты кәсіби зерттеушілер ассоциациясы.  КАПИОР (ҚҚПНКЗА)  2002 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан кезінен  халықаралық деңгейде өзін  мойындатып келеді, оның қазіргі таңдағы мүшелері «BISAM Central Asia», «БРИФ» маркетингтік және әлеуметтік зерттеулердің ұйымы, «ЦИОМ» Қоғамдық Пікірді Зерттеу Орталығы, «Сандж» зерттеулер орталығы, «ISAS», маркетингтік ұйымы, ГФК, «EXIMAR» ЖШС және т.б. Ол Қазақстан Республикасының  жетекші маркетингтік және әлеуметтік ұйымдарын біріктіріп келеді. 

Бөліс: