AlmaU-да жыл сайын ұйымдастырылатын «МегаМозг» зияткерлік байқауы өтті!
21 сәуірде Алматы Менеджмент Университетінде Sport&ArtZone бөлігінде жылда ұйымдастырылатын «МегаМозг» зияткерлік байқауы өтті.
Бұл шараның басты мақсаты- студенттердің зияткерлік қабілеттерін дамытып, білімділіктерін арттыру.
Биыл байқауды ұйымдастыруды GoldRush студенттік клубы өз мойнына алған болатын. Қазылар алқасында зияткерлік ойынның негізін қалаушы Муслим Джолдаспаев, студенттер және магистранттармен жұмыс жөніндегі декан Дина Баймұханова, AlmaU –да «МегаМозг» байқауының негізін салушы Лаура Абдуалиева, сонымен қатар базалық дайындық факультетінің деканы Ақжол Боранбай болды.
Іс-шараға қатысушылар - AlmaU-дың дарынды, өте ақылды, білгір студенттері, сонымен қатар командалардың құрамына Каспий және Техникалық университеттердің бірнеше студенттері қосылған. Студенттер 5 командаға бөлінді де, өз ара жарысты. Олардың бар ынталары жеңіске жету болды. Байқаудың жеңімпазы атанған ең тату да табанды команда Breaking bad болды, бұл команда бірінші, екінші, үшінші курс студенттерінен құралған болатын.