«Медиа, кино және PR саласындағы әлемдік білім беру экожүйесінің даму тенденциялары» атты II Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
«Медиа, кино және PR саласындағы әлемдік білім беру экожүйесінің даму тенденциялары» атты II Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізу туралы
9 желтоқсан 2022 жыл
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Almaty Management University білім беру бағдарламалары аясында мақсатты түрде арнайы экожүйені – «Медиа», «Кино» және «PR» деп құрып, білім берудегі тәсілдерді түрлендіру арқылы білім, білік, дағдыларды қалыптастыру және тарату міндетін қойып отыр.
Медиа және кино мектебі мен шығармашылық индустрия Орталығы білім берудің өзекті мәселелеріне арналған «Медиа, кино және PR саласындағы жаһандық білім беру экожүйесінің даму тенденциялары» тақырыбында II Халықаралық ғылымитәжірибелік конференция өткізеді.
Конференцияның мақсаты – Медиа, кино және PR сияқты шығармашылық салаларда жаһандық білім беру экожүйесін дамыту және жетілдіру бойынша шығармашыл зиялы қауымның, кәсіпкерлердің, шетелдік зерттеушілер мен сарапшылардың күш-жігерін біріктіру.
Конференцияға ғалымдар мен профессор – оқытушылар құрамы, зерттеушілер, өнер, кино және мәдениет саласының қызметкерлері, БАҚ өкілдері, кәсіпкерлер, цифрлық платформалардың өкілдері, студенттер, магистранттар, докторанттар және т.б. қатысады.
Жұмыс келесі бағыттар (секциялар) бойынша жүреді:
1. Жаңа медианың жергілікті білім беру бағдарламаларының жаһандық нарықтағы өзектілігі;
2. «Кино» мамандығы бойынша жергілікті білім беру бағдарламаларын жаһандық талаптарға бейімдеп қалыптастыру;
3. Жоғары білім беру жүйесіндегі жаһандық үрдістер контекстіндегі PR маманының негізгі құзыреттері.
Мақалаларды 2022 жылдың 20 қарашасына дейін жіберулеріңізді сұраймыз. Мекен-жайы: mfs_conference@almau.edu.kz
Конференцияның өтетін орны: Алматы қаласы, Розыбакиев көшесі 227, Алматы Менеджмент Университеті.
Байланыс ақпараты:
Электрондық пошта мекен-жайы: mfs_conference@almau.edu.kz
Анықтама үшін телефондар: +7 727 313 29 41
Мәтіннің көлемі 3 бетке дейін, мәтін тілі қазақ, орыс, ағылшын тілінде қабылданады. Мәтін MS Word бағдарламасында теріледі, шрифт - Times New Roman, шрифт өлшемі -12 pt, 1 интервал.
Жиектер: жоғарғы және төменгі – 2 см, сол және оң – 2,5 см.
Абзац шегінісі автоматты түрде орнатылады, жоларалық интервал - 1.
Мақала мәтінінің алдында мыналар көрсетіледі: жоғарғы оң жақ бұрышта:
- автор(лар)дың тегі, аты және әкесінің аты толық, электрондық пошта мекен-жайы;
- жұмыс орны (атауда аббревиатурасыз, бірақ ұйымдық-құқықтық нысанын көрсетпей);
- мақаланың тақырыбы (бас әріппен емес) – ортасына орналастырылған;
- қазақ, орыс, ағылшын тілінде 500 таңбаға дейін баяндама (бос орындарды қосқанда);
- кілт сөздер (4–6 сөз).
Мақала мәтінінен кейін келесі мәліметтердің қазақ және ағылшын тілдеріндегі аудармасы беріледі:
- автор(лар)дың тегі, аты және әкесінің аты толық көрсетіледі;
- жұмыс орны (қысқартуларсыз, ұйымдық-құқықтық нысанын көрсетпей);
- мақаланың тақырыбы (бас әріппен емес);
- абстракт 500 таңбаға дейін (бос орындарды қосқанда);
- кілт сөздер (4-6 сөз).
Мәтінді безендіру: қазақ, орыс ағылшын тілдерінде толтырылады
1. Тегі, аты- жөні
2. E-mail
3. Автордың жұмыс орны
4. Мақаланың аты
5. Мақала Кілт сөздер
6. Негізгі мәтін
7. Әдебиет