AlmaU-да ерекше бизнес- ынталандырушыны сынақтан өткізді
AlmaU Қаржы және Менеджмент Жоғары Мектебі Қазақстанда алғашқы рет тәжірибе жүзінде инновациялық білім беру технологиясы «Market place» ынталандырушы тренажер ойынын өз студенттері үшін қолданып көрді. Бұл жоба тренер-кеңесші Үркен Қарақұловтың көмегімен «Business Link» компаниясымен бірлесе отырып, жүзеге асырылды.
Ойынның мәні сонда, оған қатысушылар командаларға бөлініп, онлайн тәртібінде виртуалды фирмалар ашып, рөлдерді бөліп алады: директор, қаржыгер, заңгер сияқты және т.б. Оларға түрлі жағдаяттар ұсынылады (кейске ұқсас), мақсаты – мүмкіндігінше аз шығынмен сол жағдаяттан шыға білу, ең дұрысы- пайдамен шығу.
Бұл ойынға барлығы 125 студент қатысты, ойын ағылшын тілінде әрі орыс тілінде өткізілді. 2015 жылдың қазан және қараша айында өткізілген тәжірибеге қатысушылар Алматы Менеджмент Университетінің (бұрынғы ХБА) «Менеджмент», «Маркетинг», «Қаржы» мамандықтарының 4 курс студенттері болды.
Онлайн-тренажерді University of Tennessee профессоры Ernest Cadotte дайындаған. Ойын студенттердің аналитикалық қабілеттерін, кәсіпкерлік дағдыларын анықтауға бағытталған. AlmaU бас кезінде лицензияны Қаржы және Менеджмент Жоғары Мектебінің 150 студентіне арнап сатып алған әрі қазақстандық жоо-лар ішінде оқу үдерісінде бірінші болып осы технологияны қолданды. «Market place» ойын түрінде оқуды тек қана студенттер өтіп қойған жоқ, сонымен қатар ҚМЖМ оқытушылары да өтіп көрді. AlmaU-да осы технологияны енгізудің бастамашысы ҚМЖМ деканы Қайыржан Абдыхалықов және ҚМЖМ деканының орынбасарлары Айнур Ашимова және Ғалима Жанжігітова болды.
Қатысушылардың айтуынша, бизнес-ынталандырушы практикалық маркетингке ерекше кіріспе түрінде жүрді. Студенттердің пікірлері де осыған сай: «Market place маған бизнестің басты қағидаттарын түсінуге көмек берді», «…виртуалды болса да, бизнес-ынталандырушының сценарийі өзімді бизнес қожайыны ретінде сезінуге мүмкіндік берді…», «…нарық жағдайының үнемі өзгеріп тұруы, бәсекелестердің позицияларының өзгеруі қаржы мәліметтеріне талдау жасап тұруға міндеттейді, ол дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі…».
Ерекше боп саналған осы онлайн-ойын қатысушыларға ресми шешімдер қабылдау үдерісін меңгеруге септігін тигізді. Кейбір жекелеген командалар талқылауларын дәрісханадан тыс практикалық сабақтарда өз әрекеттеріне қорытынды жасай отырып, ортақ пікірге келді. Бір байқалғаны, нарықтың дамуы және бәсекенің өсуіне қарай виртуалды бизнесмендер жіберген қателерін түзеп, стратегияларын дұрыстап, жаңа тактикалық әрекеттер жасауға дағдыланды. Командалар іс жүзінде сатуды қалай болжауға болатынын, ақша ағынын, кіріс пен шығысты есептеуді үйренді.
« AlmaU студенттерінің дайындық деңгейі оларды осы үдеріске тез қызықтырып, бизнес шешімдер қабылдауға мүмкіндік берді. Қатысушылар ынталандырушының барлық қызмет түрлерін меңгеріп алды, ал таңдап алынған мамандықтардың әртүрлі болып келуі бизнес –ынталандырушыны көптеген басқа да пәндер бойынша қолдануға болатынын көрсетті», - дейді тренер-кеңесші Уркен Қарақұлов.