«Sakssaul» - Австрияда жасалған!
10 желтоқсанда Алматы Менеджмент Университетінде (бұрынғы ХБА) Қазақстан Республикасындағы Австрия елінің сауда өкілі Михаэль Мюллер «Қаржы», «Менеджмент» пен «Есеп және аудит» мамандықтарының 4 курс студенттерімен кездесу өткізді. Қонақ студенттерге «Economic, Trade and Financial Relations between Austria and Kazakhstan» тақырыбына қызықты тұсаукесер ұсынды.
Кездесуде Қазақстан Республикасы мен Австрия елінің сауда-экономикалық және қаржылық ынтымақтастығы бойынша өзекті мәселелер айтылды. Михаэль Мюллер студенттерді Австрияның негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерімен таныстырды, Қазақстандағы австриялық компаниялардың бизнесті жүргізу тәсілдеріне талдау жасап, Қазақстан мен Австрияның экономикалық байланыстарының келешегіне тоқталды. Кездесу барысында қызу талқылау жүріп, студенттер қонаққа көптеген сұрақтар қойды. Студенттер ерекше әсермен қатар ағылшын және қазақ тілдерінде шығатын қазақстандық-австриялық «Sakssaul»* журналын, сонымен қатар атақты австриялық тәттілерден дәм татты.
*Австриядағы қазақстандық студенттер шығаратын басылым. Саясат, экономика, мәдениет, білім салалары бойынша Қазақстан мен Австрия арасындағы байланыстар туралы жазатын бірінші журнал.