Ұлы Балхаш көлі шақырады!

Жаңалықтар

Ақпан 26, 2019

Ұлы Балхаш көлі шақырады!

Өткен демалыс күндері 50-ге жуық адам тарихта алғаш рет Балқаш көлі арқылы мұз өткелінен жүріп өтті.

Uly Balqash Shaqyrady (2 ара қашықтық жоспарланды: 12 және 24 км) іс-шараның бастамашысы Almaty Management University. Жобаның демеушілері Nomad Explorer  және "Туран Экспресс".

Ұйымдастырушылардың мақсаты көл экологиясының мәселесіне халықтың назарын аудару және ішкі туризмді дамыту болды. Қазіргі уақытта Балқаш көлінің құрғап кету қаупі бар, атап айтсақ олардың ішінде: 1970 жылдан бастап көлдегі су деңгейінің төмендеуі, құрғашылықтың болуы, шаңды дауылдардың жиі тұруы, жақын жатқан елдер мен трансшекаралық аймақтардың өзен суларын экологиялық тұрғыдан тиімсіз пайдалануы т. б. мәселелер.

Сонымен қатар бұл мұз өткелінен жүріп өту әрбір қатысушыға көшбасшылық шабыт берді.

Бұл жобаның идеялық бастамашысы Almaty Management University президенті Асылбек Қожахметов, ол өткен жылы Иркутск қаласында, Байкалда өткен осындай жобаға қатысқаннан кейін осындай ойдың пайда болғанын айтты:

«Байкалда біз командалық есеп бойынша 1-ші орынға ие болдық, топта төрт адам болып, қазақстандық команда ретінде құрылдық,сөйтіп біз жеңіске жеткен едік. Сол кезде менің ойыма Балқашқа байланысты осындай жобаны ұйымдастыру идеясы келді».

Жорыққа қатысқан 50 адамның ішінде бизнесмендер, журналистер, спортшылар және қоғам қайраткерлері мен студенттер болды. Экспедиция барысында олар ең алдымен Алматы – 2 вокзалынан Шығанақ стансасына дейін поезбен, одан кейін Балқаш жағалауындағы Үлкен кентке дейін автобуспен барды, саяхатшылар мұз бен қалың қар жамылған Балқаш бойымен жаяу жүріп өтті.

Жоба қатысушыларының сөзі:

 Қатысушылар барған вагон да ерекше болды. Бұл өткен ғасырдың 70-80 жылдары Қазақ КСР-нің аты аңызға айналған басшысы Дінмұхаммед Қонаевтың вагоны екен. Белгілі журналист және тележүргізуші Сергей Пономарев: "мұнда оның (Дінмұхаммед Қонаев – авт.) купесі, жазу үстелі, жуынатын бөлмесі бар деді. Бұл жерде ол жұмыс штабын жинап, тың өңірлерін, облыстарын аралау үшін мінетін. Вагондағы купелер шағын (1-2 орындық жатын купе, теледидарлар қойылған), үлкен зал бар – онда партияның облыстық комитетінің хатшылары жиналып, Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы алдында есеп беретін".

Мұндай ерекше вагонмен  сапар шегу "Тұран Экспресс" жеке тасымалдау компаниясы мен оның бас директоры Роман Ботабековтың көмегі арқылы жүзеге асты.

Белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембай, жоба операциясы барысында, қатысушыларға жобадағы қауіпсіздік ережелері туралы (мұздан өту кезіндегі қауіпсіздіктер, жоспарланған бағыттан не себепті ауытқуға болмайтындығы жайлы, үлкен темір шегелердң қажеттілігі туралы т.б. кеңестер) нұсқаулар берді.

"24 шақырымдық өткел барысыда, бизнес мастер-сабақтар өткізілді, өлеңдер, әндер айтылып- күндер қызықты да пайдалы өтті - деді бизнесмен жоба туралы, - экологиялық акцияның негізгі мақсаты - Қытайдың капрондық аулары, пластикалық қоқыс пен браконьерлік мәселелеріне қоғам назарын аудару  болды. Қосымша мақсат ішкі туризмді дамыту еді. Егер біз, қазақтар (басқа ұлттардың өкілдері өте белсенді түрде саяхаттайды), басқа елдерге бармасақ, саяхаттамасақ, онда бізде осы жердің иесі тек өзіміз ғанамыз деген сезім пайда болады, бізде бұл жер-ана үшін жауапкершілік қалыптасуы тиіс. Сондықтан мұндай сапарлар патриоттық сезімді оятып, Отанымыз үшін мақтаныш, жауапкершілік қалыптастырады. Біздің ата-бабаларымыз айтқандай "Атың барда жер таны желіп жүріп, асың барда ел таны  беріп жүріп» -деп елімізді зерттеуге көңіл бөлейік.

23 ақпан күні қатысушылар таңғы сағат 9.30-да арнайы киімдерін киіп, мұзға қарай жол тартты.

Жобаға қатысушылардың арасында қоғам қайраткері, табиғатты сақтау бойынша Қазақстанның эко-қозғалысының белсенді мүшесі Ажар Жандосова болды:

"Бұл міндетті түрде тарихқа енеді! Біз Асылбек Қожахметов, Марғұлан Сейсембай, Роман Ботабеков бастаған ең алғашқы елу саяхатшы Балқаш көлін мұз үстінен кесіп өттік. 24-шақырым бойы тамаша көңіл-күйде жүрдік және керемет адамдармен сұхбаттастық! Бұл AlmaU бастаған іс-шара Байкалдан өтуге ұқсас, ол көлдің экологиялық проблемаларына назар аудару үшін жасалды және дәстүрлі болатындығына кәміл сенеміз".

Іс-шараға World Class фитнес-клубының Басқарушы директоры және Almaty Marathon негізін қалаушы Валихан Тен қатысты,ол қатысушыларға салауатты өмір салты жайлы айтты.

Аяғымыздың астында қалыңдығы жарты метр мұз, ал алдымызда 24 шақырым жол тұрды...

Жобаны ұйымдастырушылардың айтуынша, мұздан өту бағыттары (12 және 24 км) көрсеткіштермен белгіленген. Алдын ала бұл мұз жолдары бірнеше рет тексерілген – мұз қалыңдығы жарты метрден кем емес еді және джип көлігінің салмағын көтеретін.

 Барлық бағыт бойынша биодәретханалар қойылды, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін екі құтқарушылар бригадасы мен дәрігерлер жұмыс істеді.

6 километр жол жүргеннен кейн, қатысушылар самаурын қойып, құймақ және бауырсақпен мұз үстінде шай ішу рәсімін  ұйымдастырды. Бұл жерде әркім өзі шешім қабылдады – алға жылжып, 24 километрлік мұзды жүріп жолдың соңына дейін баруды немесе артқа бұрылып қашықтықтың жартысын жүріп өтуді өздері жоспарлап шешкен еді.

 Барлық саяхатшыларды көл маңындағы ауылда  Балхаш сазанынан жасалған дәмді сорпа мен монша күтіп тұрды. Сонымен қатар  Асылбек Қожахметов көшбасшылық және менеджмент тақырыбында дәріс өткізді. Марғұлан Сейсембай ("Кайзен" тақырыбында) дәріс оқыды.

Жоба қатысушылары гитарамен ән шырқап, өлеңдер оқыды.

Uly Balqash Shaqyrady жобасы 2019 жылы басталып, санаулы апта ішінде елу шақты адамды жинады, келесі жылы (жыл сайын ұйымдастыру көзделіп отыр) қатысушылар әлдеқайда көп болады деп жоспарлануда.

Материалдарды (фото, бейне, жоба туралы ақпаратты) Балқаш мұз өткелінен жүріп өту қатысушылары Сергей Пономарев, Роман Ботабеков, Марғұлан Сейсембай, Ажар Жандосова, Уәлихан Тен ұсынды.

Бөліс: