МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША ГРАНТТАР: «КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ БИЗНЕСТІ БАСҚАРУ» ЖӘНЕ «BUSINESS ANALYTICS AND BIG DATA», ALMATY MANAGEMENT UNIVERSITY!
Астана қ.әкімдігі «SMART CITY» дамуы үшін болашақ мамандығы мен еліміздің қарқынды дамудағы қаласын инвестициялауға дайын. Осы мақсатта қала басшылығы: «Кәсіпкерлік саласындағы бизнесті басқару» және «Business Analytics and Big Data» мамандығы бойынша бакалавриат (4 жыл) бағдарламасы бойынша гранттық негізде оқуға Қазақстан Республикасының барлық бітірушілеріне (11 сыныптар) іріктеу жариялайды.
КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ БИЗНЕСТІ БАСҚАРУ — практика мен тәжірибені басқарудың алдыңғы қатарлы теориясының синергиясы, сондай-ақ ол білімнің құзіреттілікке айналатын оқу ортасы. Кәсіпкерлік ойлаумен мамандар дайындау бойынша бакалавриат бағдарламасы, бизнесті 0-ден бастауға қабілетті, аймақта бизнестің экожүйесін дамыту.
Бағдарлама бітірушілерінің бәсекелестік артықшылығы кәсіпкерліктің экономикалық, ұйымдық және әлеуметтік дамуы білімі, жаңа компания құру дағдысы, стартап пен жобаларды әзірлеу мен коммерцияландыру дағдылары бар, ұйым мен басқару саласының жоғары білікті менеджерін дайындау болып табылады.
BUSINESS ANALYTICS AND BIG DATA бойынша мамандар — XXI ғасыр кәсіпқойларының жаңа түрі. Бизнес-аналитика мен үлкен деректер саласымен байланысты, білімнің төрт саласына бойлай енуге бағытталған қазірге заманғы бағдарлама: Big Data Technologies, Data Science, Business Transformation, Professional Skills.
Бағдарлама бітірушілерінің бәсекелестік артықшылығы бизнесте әртүрлі бэкграунд-жұмыс тәжірибесі бар, IT, экономиканы, математика мен сабақтас ғылымдарды білетін және ақпаратпен жұмыс істеуге: жинақтау, талдау және деректерді интерпретациялауға қабілетті үйлесімді дамудағы профессионалдарды дайындау болып табылады.
НЕГЕ АЛМАТЫ МЕНЕДЖМЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ (ALMAU)?
Базалық білім – математика мен үштілділікте. IELTS – min. 5,5.
Кәсіпкерлік – кәсіпкер ретінде ойлай және әрекет ете білу. Идеялар генерациясы және стартап құру мен инвесторлар тартуға дейін.
Басқару - бизнес-процесстерді түсіну мен кез келген масштабтағы жобаларды басқару.
Кәсіби білім мен дағдылар – халықаралық біліктілігі бар бітіруші – профессионал, ірі компанияларда машықтану.
Тұлғалық өсу - бизнес-коммуникациялар, өзінің уақытын игеру, сыни ойлау, көшбасшылық, Service learning («қоғамға қызмет ету»).
Диплом жұмысының орнына – жобаны қорғау, стартап
Тағайындалатын дәреже – Бакалавр
Оқу тілі – үштілді оқыту бағдарламасы
Талаптары:
ҰБТ – кемінде 55 балл, әрбір пән бойынша кемінде 5 балл.
Бейіндік пәндер:
Кәсіпкерлік саласындағы бизнесті басқару – математика, география;
Business analytics and big data – физика, математика.
ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАУ: 23.08.2018 дейін ұзартылды
ІРІКТЕУ КЕЗЕҢДЕРІ:
Эссе (көлемі – А4 форматында, 2 беттен көп емес) келесі тақырыптарды таңдауы бойынша:
- Кәсіпкерлік Қазақстанның әлемнің дамыған елдерінің ТОП-10-дығына енуге қалай көмектесе алады
- Кәсіпкерлік Қазақстанның әлемнің бақытты елдерінің ТОП-10-дығына енуге қалай көмектесе алады
- Сіз кәсіпкерлік арқылы Қазақстанның көркеюіне қалай көмектесе аласыз
Скайп-әңгімелесу- Комиссия мүшелерімен (20 минут)
Құжаттар пакеті: жеке басының куәлігі, ҰБТ сертификаты, аттестат сканерленген көшірмелері, эссе. Келесі мекен-жай бойынша жіберу: n.bakhovudinova@almau.edu.kz. Хат тақырыбына көрсетілсін: Астана қаласы Әкімдігінің гранты бойынша Конкурсқа!
Міндетті талап, грантқа түсушілер үшін: Астана қаласында кемінде 3 жыл жұмыс істеу.
Байланыс:
AlmaU-дың Қабылдау комиссиясы: 8 (727) 313 30 90 (93)