AlmaU қонақ бөлмесі: БЖМ 100 жылдық мерейтойын қалай атап өтті
Қазанның 16-сы күні университетте дәстүрлі іс-шара өтті, ол – AlmaU қонақ бөлмесі. Бұл жолы бағдарлама жүргізушісі Хан Иринаға AlmaU Бизнес Жоғары Мектебінің өкілдері - Ақмарал Алталиева және Гүлнар Куренкеева қонаққа келді. Кездесудің себебі : «AlmaU қонақ бөлмесінің» жұлдызды қонақтары жақында мерейтойларын атап өткен еді.
Бұл күні іс-шара өтетін Атриум жарқын түстермен безендірілді. Қонақтардың жүздері бал-бұл жанып, құшақтары гүлдер мен сыйлықтарға толып, нағыз мерекелік көңіл күй орнады. Іс-шара барысында университет қызметкерлері мен оқытушылар туған күн иелерін құттықтады.
Егер Almaty Management University 30 жылдан бері нарықта болғанын ескеретін болсақ, Ақмарал Алталиева мен Гүлнар Куренкеева біздің университеттің құрылуына атсалысқан ең құрметті қызметкерлер қатарына кіреді. Ақмарал Алталиева AlmaU -да жиырма жыл бойы жұмыс істеуде, Гүлнар Күренкеева AlmaU -да 17 жыл жұмыс істеуде. Осы жылдар бойы туған күн иелері команданың гүлі мен көшбасшысына айналып, бүгін қызметкерлер осындай салтанатты оқиғаның куәгері болды.
«AlmaU қонақ бөлмесінің» дәстүріне сәйкес, Ирина Хан мерекенің «жұлдыздарын» адам өмірінің маңызды қырларына байланысты бірқатар сұрақтар қойды. Бұл сұрақтардың бірі - «Жас мөлшерін қалай қабылдайсыздар?». Әрбір туған күн иесі аталған сұраққа жеке жауап берді.
Ақмарал Алталиева, AlmaU омбудсмені:
«Мен күн сайын керемет жаңалық күтіп жүрдім. Ертеңгі күн жақсы, қуанышты болар деп үміттендім. Шындығында да күткен еңбегім ақталып, еркін бола бастадым. Қазір күтудің қажеті жоқ. Көптеген нәрсеге шынайы түрде қол жеткіздік. Бар жетістігімізді бағалап, рахаттана білуіміз керек. Түсінгенім өмірдің рақатын сезініп, жақсы ғұмыр кешу қажет екен».
Гульнар Куренкеева, БЖМ деканы, DBA директоры:
«Менің кішкентай ұлым бар, онымен жүргенде қанша жаста екендігімді ұмытып кетемін. Мен онымен бірге велосипед теуіп,бірге жүгіріп, секіремін. Мен таңертең оянған соң, біз қазір не істейміз, қандай үйірмеге қатысамыз деп ойланамын. Мен осылайша, жасым қанша екендігін ұмытып та кетемін. Бұл менің жеке пікірім. Қазіргі уақыт- өзіңізді керемет сезініп, демалып, өзіңіз үшін өмір сүру мүмкіндігі бар керемет уақыт- жас» деп ойлаймын.
Бағдарлама жүргізушісі сұрақтардың арасында «кейіпкерлердің» ең жақын қонақтарын-достарын сахнаға шақырды. Олар өз кезегінде туған күн иелерімен байланысты әңгімелер айтып, өмірдің қызықты да маңызды сәттерін естеріне алды. Сонымен қатар туған күн иелерін құттықтап, естелікке сыйлықтар тапсырды.
Асылбек Қожахметов, AlmaU президенті:
«Ақмарал MBA-ның алғашқы жетекшілерінің бірі болды. Ол кезде танымал бренд –атауымыз жоқ еді, қалыптасқан оқытушылар құрамы немесе белгілі бір бағдарлама болмаған еді. Ол барлық жұмысты өз қолына алып, жаңаша көзқараспен қарап, дұрыс бағытта алып жүре білді. Гүлнар - MBA –ның қазіргі деканы. Декан ретінде ол осы бағдарламаға көп күш жұмсады,ол AlmaU-ды, ұжымды жұмылдырып келеді.
«Өзін-өзі азамат еткен ер адам» деген сөз бар емес пе, ал біздің алдымызда - өздерін азамат ретінде қалыптастыруға еңбек еткен әйелдер тұр. Олар – керемет аналар, тамаша мамандар және білімді көшбасшылар. Олар әдемі де әзілқой,еркін де сұлу, жан-жақты жандар»!
Гүлмира Курганбаева, AlmaU ректоры:
«Құрметті, Гульнар Турдалиевна! Бизнес Жоғары Мектебі расында да университетіміздің көшбасшысы болып табылады, ал сіз AlmaU мәдениеттін насихаттаушы тұлғалардың бірісіз. Сіздің кәсібилігіңіз, әріптестеріңізге мұқият қарауыңыз, еңбекқорлығыңыз, шығармашылық қабілетіңіз сізді беделді көшбасшы ретінде ғана емес,сонымен қатар талантты жаңашыл ретінде де ерекшелендіріп тұрады».
Мадина Қарсақбаева, AlmaU-дың корпоративтік коммуникация жөніндегі проректоры
«Құрметті, Акмарал Алталиевна! Сіз университет қабырғасын қалаушылардың бірісіз. Сіз Алматы Менеджерлер Мектебіне, MAB-қа, ал қазір AlmaU -ға бар күш-қуатыңызды сарп еткен жансыз. Сіз тамаша оқытушысыз, өз ісіңіздің маманысыз, сондай-ақ бизнеске жолдама алған мыңнан астам талантты түлектерді дайындаған тәжірибелі педагогсыз. Сіз әріптестеріңіздің арасында іскери, адамгершілік қасиеттеріңіз бен жан-жақты біліміңіз арқылы лайықты бедел мен құрметке ие болдыңыз. Ал ұжымның сенімі арқылы- сіз AlmaU Омбудсмені ретінде сайландыңыз».