Профессор Джо Гю Юннің «Салауатты ойлаудың маңыздылығы мен қажеттілігі» атты дәрісі

Жаңалықтар

Қазан 31, 2023

Профессор Джо Гю Юннің «Салауатты ойлаудың маңыздылығы мен қажеттілігі» атты дәрісі

2023 жылдың 30 қазанында «Tolyq Adam» бағдарламасы аясында профессор Джо Гю Юн AlmaU университетінде «Салауатты ойлаудың маңыздылығы мен қажеттілігі» атты дәріс өткізді.

Ұйымдастырушылар School of Transformative Humanities болды. Дәріс AlmaU университетінің Атриумында өтіп, ол жерге бақытты болашаққа және ойлау қабілетінің өзгеруіне қызығушылық танытатын көптеген студенттер жиналды. Іс-шараның салтанатты ашылуы Оңтүстік Корея студенттері дайындаған концерттік бағдарламасы мен AlmaU университетінің проректорларының құттықтау сөздерімен басталды.

Джо Гю Юн - International Mind Education Institute (IMEI) білім жөніндегі кеңесінің белгілі профессоры және төрағасы, педагогика мен әлеуметтік ғылымдардың құрметті докторы.

Оның дәрісі Оңтүстік Кореяның экономикалық даму жолы туралы бейнеролик көрсетуден басталды. Профессор Кореяның ауыр тарихына қарамастан, қалай экономикалық державаға айналып, әлемдік экономикада маңызды орындарға ие болғаны туралы айтып берді.

Бейнероликтің жалғасы ретінде Юн мырза адамдардың инновациялық ойлауына баса назар аударды. Себебі, Кореяның кедейшіліктен шығуы үшін осы ұғым үлес қосқаны жайлы бөлісті. «Бір кездері жапондар корей машинасының іске қосылатынына сенбеді. Олар біздің бастамамызға күліп қарады. Ал қазір біз, машинаны жинау үшін тек 13 секунд жұмсаймыз», - деді ол.

Юн мырза әрдайым аудиториямен жұмыс істеп, сұрақтар қойып, сыйлықтар сыйлап студенттердің қызығушылығын арттырып отырды.

«Жаңа Ауыл» қағидаттарына сүйене отырып, Джо Гю Юн, табыс - еңбекқорлықты, өзін-өзі қолдауды және ынтымақтастықты қажет ететінін атап өтті.

Аталмыш іс-шара қызықты дәріс тыңдауға, корей әні және ұлттық би түрлерімен танысуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, AlmaU студенттері «Балбырауын» және «Ерке сылқым» күйлерімен өнер көрсетті.

Бұл дәріс студенттерді шабыттандырып алға қойған мақсаттарына жетуге ынталандырды!

Бөліс: