Raimbek холдингі сарапшыларының өткізген қонақ дәрісі

Жаңалықтар

Қазан 01, 2019

Raimbek холдингі сарапшыларының өткізген қонақ дәрісі

Қазан айының алғашқы күні AlmaU-ға Қазақстандағы көп салалы өндіруші мекеме- Raimbek холдингінің командасы қонаққа келді. Мансап жолын және жұмысты жоспарлау орталығының қолдауымен университет студенттері үшін "стратегиялық маркетинг" атты қонақ дәрісі ұйымдастырылды.

Өнімді өндіру және оны дамыту саласындағы бай тәжірибесі бар жетекші сарапшылар өз білімдерімен бөлісті, өнімді жасаудағы  нақты қадамдар туралы, қазіргі кездегі заманауи адамның басты біліктілігі жайлы және компанияның құрылу тарихы туралы әңгімеледі.

 

Спикер ретінде Raimbek компаниясының қызметкерлері Марина Попандопуло, HR директор, Евгений Назаренко, сертификатталған бизнес-жаттықтырушы, Дмитрий Сорокин, маркетинг жөніндегі менеджер және Саида Курбанова, брэнд-менеджер сөз сөйледі.

Марина Попандопуло, адам рессурстары бойынша бас маман ретінде, студенттерге 2020 жылға қарай  қажетті  кәсіби дағдылар туралы айтып, қазіргі заманғы адамның креативті, когнитивті икемділік, эмоционалдық интеллект, сыни ойлау сияқты қажетті қабілеттер керек екендігін атап өтті. Марина өз сөзінде: "құзыреттілік – қазіргі әлемде қажетті дағды"деп өз ойымен бөлісті.

Сөз сөйлеген сарапшылар - маркетинг менеджері Дмитрий Сорокин "кәсіби қызметте құнды маман болыңыздар"-деп кеңес айтса, сертификатталған бизнес – тренер  Евгений Назаренко заманға сай тез даму қажеттілігін атап өтті: "Маркетинг бизнесті дамытудың негізгі элементтерінің бірі»-деді.

Выпускница AlmaU, брэнд-менеджер Саида Курбанова, поделилась со студентами практическими знаниями по запуску совершенно новой продукции и выделила следующие этапы развития продукта:

  •  Анализ рынка
  • Определение цели и KPI запуска
  • Определение концепции нового продукта (формулы, упаковки, названия, УТП, цена, целевой аудитории)
  • Потребовательские исследования (тестирование и финализация концепции на основе полученных результатов)
  • Анализ сценария запуска
  • Подготовка к продукта к запуску
  • Коммерческая стратегия запуска (план запуска, подготовка материала)
  • Старт продаж

AlmaU-дың түлегі, брэнд-менеджер Саида Курбанова студенттермен жаңа өнімді іске қосып, сату бойынша практикалық білімдерімен бөлісті және өнімді дамытуға қажетті  кезеңдерді көрсетті:

  • Нарықты талдау;
  • Мақсатты анықтау және KPI-ды іске қосу;
  • Жаңа өнімнің концепциясын анықтау (формулалар, қаптамалар, атаулар, ОТЖ, баға, мақсатты аудитория)
  • Тұтынушыларды  зерттеу (алынған нәтижелер негізінде тұжырымдаманы тестілеу және бағалау)
  • Іске қосу жоспарын талқылау;
  • Өнімді іске қосуға дайындау
  • Коммерциялық іске қосу стратегиясын (іске қосу жоспарын, материалды) дайындау;
  • Сатуды  бастау;
  • Дәріс интерактивті форматта өтті, сондай-ақ компания өкілдері өз өнімдерін-  сусындарын сыйлады. Аталған дәріс мақсатына жетті. Ең бастысы AlmaU-дың  қамқоршылар кеңесінің мүшесі Райымбек Батталовтың (Raimbek Холдинг директорлар кеңесінің төрағасы) жоғары оқу орнына бағыт бағдар беретіндігі көрінді.
  • AlmaU бизнес серіктестерімен достық  тұрғыда өзара тиімді қарым-қатынасты одан әрі дамытуды және қолдауды жоспарлап отыр.
Бөліс: