Маңғыстау облысы мемлекеттік қызметкерлері AlmaU MBA дипломын алды

Жаңалықтар

Желтоқсан 03, 2015

Маңғыстау облысы мемлекеттік қызметкерлері AlmaU MBA дипломын алды

Маңғыстау облысы әкімі  Алик Айдарбаев  37 мемлекеттік қызметкерге және 16 медицина қызметкеріне Алматы Менеджмент Университеті (бұрынғы ХБА) МВА бағдарламасын бітіргендері туралы дипломдарын тапсырды.

Айта кеткіміз келетіні,  тыңдаушылар AlmaU мемлекеттік және қоғамдық саясат Мектебінің « Мемлекеттік сектордағы менеджмент» және AlmaU Бизнес Жоғары  Мектебінің «Денсаулық сақтаудағы  менеджмент» МВА бағдарламаларында оқыған. Екі бағдарлама да Aлматы Менеджмент Университетінде  Маңғыстау облысы әкімінің және облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен жүзеге асырылады.

Маңғыстау облысы басшылығы Қазақстанда алғашқы рет аймақтық деңгейде мемлекеттік кадрларды дайындауға өз үлесін қосып жатыр, осылайша ҚР кадрлық саясатын еліміздің ұлттық артықшылығы дәрежесіне көтеріп отыр.

Аймақ басшысы өз сөзінде: «білім бағдарламаларына қатысу аймақтың дарынды және табысты менеджерлері үшін өзінше бір заңды және ашық «әлеуметтік лифтісіне» айналды десек артық болмас. Қазіргі уақытта AlmaU Бизнес Жоғары Мектебінің бағдарламаларында  оқыған мемлекеттік қызметкерлер  жетекші және басшылық орындарға бірінші кезекте қарастырылады және олар өздерінің кәсіби деңгейлерін әрі құзіреттіліктерін көрсете біледі»,-деп атап кетті. .

«Бүгін бүкіл Маңғыстау облысы үшін ерекше күн. Біз мемлекеттік және денсаулық сақтау қызметінің жаңа форматының мықты іргетасын қалап жатырмыз. Мен осы екі жыл бойы оқу үдерісін мұқият бақылап отырдым, өзім де кейбір модульдерге қатыстым.  Бізге әріптестеріміздің мүмкіндіктері қандай екенін, олардың қандай міндеттерді шеше алатынын білу керек болды. Біздің таңдауымыз дұрыс шықты. Сіздер - алғашқы қарлығашсызлар. Сіздерден үлгі алып, әріптестеріңіз жолдарыңызды қумақшы. Қыркүйектен бастап «Мемлекеттк сектордағы менеджмент» бағдарламасы бойынша тағы бір топ оқуын бастады. Жаңа жылдан бастап тағы қосымша екі топ жібергіміз келеді», - деп Маңғыстау облысының әкімі  Алик Айдарбаев хабарлады.

2013 жылы тыңдаушылардың бірінші тобына  ( бүгін диплом алушылар) Маңғыстау облысының 2 әкім орынбасары және аудан әкімдері, олардың орынбасарлары, мемлекеттік орган жетекшілері, білім беру, мәдениет, әлеуметтік қамтамасыз ету саласының, дін, ішкі істер органдары жауапты қызметкерлері енді.

 AlmaU МВА-дің «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» деген тағы бір бағдарламасы Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасымен ынтымақтастыққа дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде  байқаудан сәтті өтіп, өзінің қажеттілігін және дер кезінде пайда болғанын дәлелдеді.

«Келесі жылы біз Қазақстан Республикасы денсаулық сақтауды дамытудың  2016-2019 жж арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға кірісеміз. Денсаулық сақтау қызметкерлерінің алдында зор міндеттер күтіп тұр, оны шешу кәсіби басшыларды дайындау деңгейіне байланысты болмақшы. Біздің алған біліміміздің қажет екеніне сенемін, білімімізді халық денсаулығын жақсартуға жұмсаймыз»,- деді Руслан Бектубаев,  «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» бағдарламасының тыңдаушысы, Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Айта кету керек, оқу үдерісіне Алматы Менеджмент Университетінің Гульмира Курганбаева, Жексен Жалкибаев, Берик Бижан, Татьяна Иссык, Вахтанг Джапаридзе сияқты үздік оқытушы-практиктері шақыртылған болатын.

19 оқу модулі бір-бірімен үйлестірілген болатын. Кейбір бағдарламалар, мәселен, «Маркетинг территорий» бағдарламасы Маңғыстау облысының ерекшелігіне бағытталып, бірінші рет қосылды.  

Бөліс: