Forbes.kz AlmaU студенттерінің TechConnect Astana конференциясында көрсеткен стартаптары туралы.
Алғашқы TechConnect конференциясы аясында «Стартаптар шайқасы» өтті, оған 300-ден астам адам қатысты, соның ішінде Алматы Менеджмент Университеті (бұрынғы ХБА) студенттері де болды.
Postero Green: мұнда бақ-қала болады!
3 курс студенті Ерлан Нұртаев Postero Green жобасын мектеп қабырғасында жүргенде іске асырсам деп армандапты. «Жобаның мәні қарапайым – бәрімізге белгілі, ер адам өмірінде үш нәрсені істеуі керек, үй салуы керек, ұлын тәрбиелеуі керек және ағаш отырғызуы керек. Біз мына үш міндеттің соңғысы бойынша көмек бере аламыз. Адамдар кез келген уақытта біздің сайтқа кіріп, ағашты таңдап, оның бағасын біле алады, ұнайтын жерін қалайды, содан кейін ағаш отырғызылады. Тағы бір ерекшелігі бұл көшет күтіп-баптап өсіріледі, ағашқа арнайы кьюар-код беріледі, GPS-жүйесі арқылы оны адам тауып ала алады. Сонымен қатар сіздің Postero Green клиенті болғаныңыз туралы ақпарат әлеуметтік желіде сіздің аккаунтыңызда көрінеді, ал, бұл дегеніміз, сіздің қаншалықты әлеуметтік жауапкершілігіңіздің жоғары екенін көрсетеді».
Қосымша артықшылықтары – адамға көшетті отырғызуға рұқсат алудың қажеті жоқ, отырғызатын көшетті іздеп жүрудің де қажеті жоқ.
Сайтта таңдауға ұсынылған ағаштар көп, бағасы 3,5 мың теңгеден басталып 100 мың теңгеге дейін барады. Көбіне қылқанды немесе жапырақты түрлерін отырғызады. Қосымша қызмет түрі: егер сіз жеміс беретін ағашты таңдаған болсаңыз, осы ағаштың жемісін жылына екі рет үйіңізге әкеліп береді.
Осы жобаны жүзеге асырған 4 айдың ішінде 250 ағаш отырғызылды.
Әзірге, отырғызуға болатын жер қатарына Іле Алатау ұлттық паркі кіреді. Бірақ студенттер жобаларын қаланың ағаштар отырғызу Бас жоспарына кіргізу жайында Алматы қаласы әкімімен келіссөз жүргізіп жатыр.
«Пайда екі жақты, – дейді Ерлан. – ағаштарды отырғызуға мемлекеттік бюджеттен бөлінген ақшаны кері қайтарып, мегаполюсті көгалдандыру мәселесін өзіміз де шеше аламыз».
Ерланның айтуы бойынша, қазір бұл қызмет түріне сұраныс бар, негізінде университет түлектері және жас аналар (ағаш оларға балаларының өсу нышаны іспетті). Келесі қадам – ірі компанияларды қызықтыру.
«Бізде түрлі компаниялардан корпоративті тапсырыстар болды. Әдетте, олардың өздерінің корпоративті әлеуметтік жауапкершілік бойынша бағдарламалары бар. Бізге олардың стратегиялық даму жоспарларына жобамыздың кіргені қажет. Менің ойымша, осындай тәсіл арқылы түрлі компанияларға әлеуметтік жауапкершіліктерін көрсету, әсіресе, дағдарыс кезінде қажетті», - дейді Ерлан.
Postero Green идеясына «Байтерек» холдингінің менеджері Байжан Канафин қызықты.
«Ол осы жобаның оны қызықтырғанын айтты әрі холдингтің логотипінде ағаш белгісі бар екенін де ескерді. Біз стартапты қолдау бойынша хабарласатын болып келістік», - деп, Ерлан өз ойын аяқтады.
Студенттерге арналған «фейсбук»
4 курс студенті Ерсайын Тамабайдың ұсынысы - Infalike – студенттерге арналған әлеуметтік желісі.
«Infalike –тың басты «фишкасы» сонда, мұнда FB немесе Vk сияқты адамдарды достарыңның қатарына өзің қоспайсың, - дейді автор. – Бір тұтас тізім жасалады – университет аясында достар шеңбері құрылады, әлеуметтік желідегі достар тобына пароль және тірек сөз беріледі – осы оқу орнының студенттері өздерін сол Infalike қолданушылар қатарынан көріп, келешекте араласа алатындарына сенеді. Желіге басқа қолданушылар кіру үшін олар университеттің аккаунтына жазылулары керек немесе пароль алулары қажет».
Ерсайын TechConnect конференциясында инвесторларды қызықтырып, Infalike –ты дамытудың келесі сатысына кірісуді жоспарлаған болатын.
«Мен осы сияқты стартаптарды жүзеге асыруда тәжірибелері бар ықпалды кісілерді кездестірдім, олар маған әрі қарай не істеу керек екеніне кеңес берді», - дейді Ерсайын.
Студенттің есебі бойынша жобаны жүзеге асыру үшін бастапқы кезде 30 мың доллар қажет, ол күшті серверлерді жалға алуға және бағдарламашылардың еңбекақысын төлеу үшін қажет. Ерсайын стартапты Силикон алқабында жүзеге асырмақшы, университетті бітіргеннен кейін сонда бармақшы. Студент алғашқы қаржысын және ата-анасының келісімін алды.
«Шынай өмірге толықтырулар» стиліндегі анимациялық кітаптар
3 курс студенті Кирилл Цойдың «Анимациялық кітаптар» жобасы «толықтырылған шынай өмір» мобильді қосымшалар үшін жасалған студенттік жұмысы болатын. 2015 жылдың наурызында Кириллдың жобасы Startup Tour қазақстандық кезеңінде «Балаларға арналған иннолвациялар» санатында жеңіп шыққан. Ол кезде студент «сколковтықтардан» оның стартапын Ресейде жүзеге асыру бойынша бірнеше ұсыныс алған болатын.
Кирилл Цой балаларға арналған анимациялық кітаптар идеясын ұсынады (мәселе ертегілер туралы). Студенттің идеясы AlmaU инновациялық мұражайында істеп жүрген кезінде туындаған.
Ол кезде мұражайда дәстүрлі аудиогид орнына бейнегид ұсыну идеясы керемет шешім табады, Кирилл осындай идеяны кәдімгі кітаптарды оқыған кезде пайдалануға болатынын түсінеді.
Автордың айтуы бойынша, анимакітапты аудиокітаптан айыра білу керек. Екіншілері бұрыннан белгілі дүние, олар аудиқатарға байланысты жұмыс істейді (яғни диктор кітапты басынан аяғына дейін оқып шығады).
Анимациялық кітап – бұл басқаша дүние. Мәселен, сіз кітапты сатып аласыз делік, оны өзіңіздің мобильді құрылғыңызға жүктеп аласыз, сол кезде қосымша кітаптағы суреттерді «тірілтеді». Мысалы, балаңызға үш торай туралы ертегіні оқисыз, смартфонды суретке жақындатасыз, торайлар смартфонда өлең айтып, билей бастайды. Немесе кейіпкер көз алдыңызда бір беттен екінші бетке жүгіре бастайды. Яғни суреттер бүкіл ертегіні «көрсетуге» міндетті емес, бірақ олар балаға ертегіні аяғына дейін тыңдауға ынта береді, оның қиялын дамытады.
«Бұл жаңа идея емес, бірақ онымен шындап ешкім айналыспаған. Технологиясы бұрыннан бар, тек қазір ғана адамдар оның артықшылығын, мүмкіншілігін түсініп келеді. Әрі бұл қымбат та емес. Мысалы, жақсы 3D- көзілдірік 500 доллар тұрады делік, ал 3D-модель және телефондағы анимация - арзан, әркім осы қолданысты пайдалана алады, – дейді Кирилл. – Қазір біз тағы бір мобильді қосымшаны дайындадық. App Store –да өңделіп жатыр, желтоқсанда оны жүктеп алуға болады. Біздің жобамызды осымен қатарлас ҚР БҒМ оқу материалдарында қолдануға ұсынғымыз келеді әрі жекеменшік компанияларға маркетинг өнімдерін шығарғымыз келеді».
Студенттің алған әсеріне қарай, TechConnect – Қазақстан үшін ерекше алаңқай, ерекше өріс.
«Ұйымдастыру деңгейі жоғары. Осы сапардың басты нәтижесі стартапты Ресейде немесе алыс шет елде емес, өз Қазақстанымызда іске асырғым келгені. Әрине, сұраныс болды, Мәскеуге ме әлде одан да әрі кету керек пе деген сияқты ой туды. Сколковта маған қолдау жасаймыз деді, бірақ Астанада болғаннан кейін, Білім және ғылыми министрлігі қолдаймыз дегеннен кейін, Қазақстанда да жасауғ,а болады деп шештік».
Дереккөз: forbes.kz ғаламтор басылымы