Футбол ауруды жеңуге көмектеседі
Жаңбырлы күнге қарамастан волонтерлік студенттер ұйымы ұйымдастырған мини-футбол турнирі басталды! Турнир қазіргі уақытта ауыр науқаспен күресіп жатқан кикбоксингтен айтарлықтай табыстарға жеткен Азамат Нұрпеисовке арналып өтті. «Азамат, біз сенің ер мінезіңе, ауруды нокаутқа жіберетініңе сенеміз », - деген оймен жастар осы турнирді ұйымдастырған.
Қатысушылар ішінде Алматы қаласы жоғары оқу орындары командалары бар:
АЭБУ(Union)
ҚазҰИТУ(Политех)
СДУ(Sparta)
ҚазХҚ ж ХТУ (D-City)
ҚазҰМУ(Асфендияров атындағы Медиктер)
ҚРМУ (Әлиев атындағы Медиктер)
АлмаЮ(Strong Union)
Қайырымдылық турнирі жоғары деңгейде өтті, әрбір қатысушы, әрбір жанкүйер, әрбір волонтер өзін осы оқиғаның бір бөлшегі ретінде сезініп, кикбосерге өз көмек қолын созды! Іс-шара кезінде жиналған қаржы бүгін бірден Азаматтың жеке шотына аударылды.