Ерайдын Тасболатов: «Кабардин-балкарлар үшін мен «соңғы жау» болдым
Aлматы Менеджмент Университетінің студенті Ерайдын Тасболатов соңғы аптада қазақстандық БАҚ «шулатты», ол бізге Еуропаның ең биік шыңы - Эльбрусқа (биіктігі - 5642 метр) шығуына не себеп болғанын, оның басына шығып неге домбыра тартқаны туралы айтып берді.
«Логистика» мамандығының 3 курс студенті Эльбрус шыңына шығып, қазақтың күйін орындау туралы ойдың бекерден туындамағанын айтты: «Ерке сылқым – мені домбыра ойнауға үйреткен ұстаздарымның сүйікті күйі. Олар менің көршілерім – Шынтемір ата мен Айша апа, ол кісілер бүкіл өмірлерін музыкаға арнаған жандар, бірақ қазір қатты ауырады. Мен оларға домбыраны үйренуге 4 жыл бойы барып жүрдім. Ал тауға шығумен жақында ғана айналыса бастадым, ал осы көктемде, автобуста қазақ күйін тыңдап келе жатып, аяқ астынан осы екі ермегімді біріктіру ойыма келді. Шыңға шығар алдында мен ұстаздарыма барып, олардың батасын алып, жолға шықтым».
Студент осындай шыңға шығу сияқты игі мақсатын халықаралық топпен бірге жүзеге асырды. Қазақстан азаматынан басқа Эльбрус шыңына «Алания» Мәскеу ансамблінің жеке орындаушысы Дина Бекоева және хирург Қазбек Кудзаев та көтерілді. Айтпақшы, Дина мен Қазбек Эльбруста ұлттық мерекелерінің құрметіне осетиннің халық биі «Хон Гайды» биледі. Сондай-ақ, топта Солтүстік Осетияның құрама командасынан тәжірибелі альпинистер және Кабардино-Балкарияның альпинизм федерациясының жетекшісі Абу Эльмезов болды.
Ерайдынның айтуынша, шыңға шығуға бес к.ні кетті, тек сегізінші күн дегенде шыңға шыға алды, сол күні қайта төменге түсті: «Алғашында 3900 метр биіктікте болдым, бір-екі рет бейімделу үшін 4700-5000 метрге шықтым. Осы 7 күннің ішінде ағзам қалпына келуі үшін, оттегімен кеудемді толтыру үшін ең аз дегенде 2 рет төменге түсуге тура келді. Бірақ мен бірден көтерілмедім, ауа райын, адамдарды кұттім, топпен көтерігім келді. Ақырында, жолым болды, лагерьде сенімді адамдарды таптым. Көтерілу соншалықты қиын болған жоқ, бірақ шыққан кезде өзімді нашар сезіндім. Тағы бір қызығы, сол аймаққа жақын жерде сөнген жанартау бар екен, ауаға үнемі күкірті сутек бөлінеді. 5400 метрден бастап, маған көтерілу қиын болды. Соңғы 800 метрде мен үстімдегі артық нәрсенің бәрін тастадым, сөйттім де, ұлттық киімімізді киіп, домбыраны алып, әрі қарай көтерілдім.».
Ерайдын осы жорыққа кеткен шығынды өзі көтерді, ол өзі ұйымдастырған компаниясының арқасында еді. Ұшақпен жолға 135 мың теңге, 65 мың теңге шыңға көтерілуге кетті, ал 70 мыңдай ақшасын жергілікті халықтың қонақжайлылығы арқасында үнемдеп қалды. «Мен ешнәрсе сұраған жоқпын, олардың өздері қонып кетуге, тамақтануға шақырды. Мұнда кабардин-балкарлар тұрады, бәрімізге белгілі, оларды 1944 жылы Қазақстанға жер аударылған болатын. Енді, балкарлықтар айтқандай, қазақтар олардың «соңғы жаулары»! Олар бізді бауырлас халық деп есептейді», - деп, AlmaU студенті өзінің алған әсерімен бөлісті.
Ерайдын үшін тауға жорық – бұл тек ермек емес, бұл - басқаларға көмектесу жолы. Ол мамырда досымен бірге Triptop.kz. компаниясын құрды. Оның мақсаты тауға жорыққа шығуды ұйымдастыру, Ерайдын қайырымдылық акциясын да өткізіп үлгерді. «Алғашқы екі айда біз тегін жорықтар ұйымдастырдық, керек десеңіз, рекорд жасадық, 1 күнде тауға (Фурманов шыңына) 280 адамды шығардық. Бұл қайырымдылық жорығы болған, одан жиналған қаржыны біз Аружан Саинның «Мейірімділік үйі» қорына бердік. Жаз бойы әр жексенбіде біз қаланың сыртына 35-тен бастап, 200-ге дейін адамды алып шықтық. Шарын каньонына, Көлсай көліне бардық.».
Қазір компанияның Инстаграммада 19 мың тіркелушілері бар. Жігіттер осы жетістіктерімен тоқтап қалғылары жоқ. Ерайдын қазақстандық БАҚ жазған өзінің Эльбрус шыңына шыққаны туралы ұстамдылықпен айтады: «Әрине, ұлттық киіммен, домбырамен шыңға шығу оңай болған жоқ. Бірақ көңіл сүйсіндірерлік әрекет болды, себебі өзіңнің дербестігіңді түсінесің, жалғыз емес екеніңді білесің, артыңда терең тарихың, бүкіл халқың бар екенін ұғынасың». Бүгін де студент әлемнің жеті шыңы кіретін бағдарлама бойынша тағы да жорыққа шығуды жоспарлап жүр. Дегенмен, енді ол жақта домбырада ойнамайды. Қоғамда үлкен пікір тудырған осы акция, тек өзінің ұстаздарына арналған еді, енді ол қайталанбайды.
Айта кетейік, Ерайдынның қызықты оқиғалары осымен біткен жоқ, кеше ғана, 13 қыркүйекте белгілі триатлонист Крис Маккормакпен кездесті. Бірақ бұл басқа әңгіменің жалғасы.