Электроника және high-tech: Қытай, Корея және Тайванға жету және оларды басып озу!

Жаңалықтар

Тамыз 24, 2016

Электроника және high-tech: Қытай, Корея және Тайванға жету және оларды басып озу!

Алматы Менеджмент Университеті ұйымдастырған "Бағдарламалау мен схемотехниканың тоғысуында: интернет заттар мен кристалды жүйелерді жобалауда MIPS  процессорларын пайдалану" семинарының  екінші күні Кремний алқабынан келген  ғалымдардың қатысуымен  схемотехника негіздері дәуіріндегі кристалды жүйелерге (System on Chip) арналды. 

IMD компаниясының өкілі, профессор,  дәріскер  Тимур Палташев ҚР және ЕурАзЭО елдерінде  электрондық инженерияның даму мүмкіндіктері туралы айтты.  

Тимур Турсуновичтің айтуы бойынша, Қазақстанның мәселелерінің бірі бүгінгі таңда электронды инженериядан танымал көшбасшыға қытайлықтардың, тайвандықтардың, кореялықтар мен жапондықтардың  шыққаны: «Ал  еуроазиялықтарға айтатыны: сіздер Африкадасыздар, жалпы, сіздер «үміттенетін» ешнәрсе жоқ. Шын мәнінде,  олай емес. Бәсекелестерді тыңдамау керек», - дейді Т. Палташев.

Бүгін микропроцессорларды қолдануға болатын көптеген сала бар, - дейді спикер. Сол құрылғыларды жұмыс істету үшін көптеген мамандар керек немесе бізге шетелдік сервистік компанияларға  миллиардтаған доллар төлеуге тура келеді: "Бір инженерді шақырып,  платаны ауыстыру үшін төлемақы құны 250 мың ақш долл., ал платаның өзі   100 доллар тұрады. Сондықтан,  меншікті кристалда жүйелерді құрастыру, жалпы алғанда, өздеріңізге жасау керек", - дейді лектор.

Аса күрделі жоғары дәрежелі электрондық жүйелерді дайындаумен қазір Кремний алқабы, Тайвань, Оңтүстік Корея, Қытай айналысады, бір қызығы, осы саладан белсенді түрде Жапонияны шығарып тастағылары келеді: "Жапония заманауи электроника үшін күресте толық жеңіліске ұшырап келеді. Оларда  бірде-бір заманауи деңгейдегі фабрика жоқ, - деп атап өтті Т. Палташев, - әрі кремний фабрикасы өте қымбат өндіріс және оны тоқтата алмайсың. Қайта іске қосу құны тым қымбатқа түседі. Барлық процесті қайтадан тұрақтандыру өте қиын болады, ал бұл процессорлардың техникалық қасиеттеріне әсер етеді». Спикердің пікірі бойынша, Қытай технологиялар жағынан кішкене артта, бірақ бүкіл электронды майда-шүйдені Тайваннан тартып алды.

Қазір электрондық инженерия маркетингінің міндеті ерекше: 4 жылдан кейін тұтынушыларға  қандай процессорлар қажет алдын ала  болатынын білу керек, - дейді Тимур  Тұрсынұлы. Нарықтың даму бағытын 3-4 жылға  бұрын білу– бұл кез келген батыс корпорациясына міндетті деңгей. Бұл ретте соңғы жылдары  микросхемалар нарығы фрагменттелген –  мамандандырылған кристалдардағы жүйелерді дайындаушыларға жаңа белестер пайда болып жатыр. Ерекше тұтынушылық құрылғылар жасауға қызығушылық артып  және олардың  индустриялық объектілер мен жүйелерге жаппай енгізу басталмақшы.

Қазақстан туралы сөз еткенде  Палташевтың  айтуынша, мұнда қазірдің өзінде маркетингтік зерттеулер жүргізуге болады, ерекшеліктерін айқындап, біртіндеп неғұрлым күрделі деңгейге көше отырып,  эксперименттік прототипін жасауға болады.

Юрий Панчул,  Imagination Technology компаниясының инженері, тыңдаушыларға бағдарлама жасаудың және схемотехниканың ерекшеліктерінің қыр-сырлары туралы айтты. Атап айтқанда,  Verilog тілі туралы сөз етті.

Бөліс: