ОЖСБ-2015: AlmaU үздік деп танылды!
2015 жылдың қарашасында Алматы Менеджмент Университеті (бұрынғы ХБА) бітіруші студенттері Оқу жетістіктерін сыртқы бағалаудан өтті. AlmaU ОЖСБ рейтинг шәкілі («Әлеуметтік ғылым және бизнес») бойынша ҚР гуманитарлық-экономикалық жоо-лары ішінде 3 орынға ие болды әрі жекеменшік жоғары оқу орындары арасында үздік деп танылды!
ОЖСБ басты міндеті - студенттер мен оқушылардың оқудағы жетістіктерін зерттеп қана қоймау, оқу үдерісін ұйымдастыру сапасын бағалау. Басқаша айтқанда, мамандығы бойынша студенттердің оқу бағдарламасын білулерін анықтауға жүргізілетін тесті оқу орны ұсынатын білім беру қызметінің сапасын да анықтауға мүмкіндік береді.
ОЖСБ –ны Білім және ғылым министрлігі белгілеген ең төменгі шамадан да нашар тапсырған жоо-лар кезектен тыс мемлекеттік аттестаттаудан өтеді.
AlmaU ОЖСБ рейтингісі бойынша «Әлеуметтік ғылым және бизнес» бағытында ҚР гуманитарлық-экономикалық жоо-лары ішінде екі жыл бойы 3- орын алып келеді (2014-2015 және 2015-2016 оқу жылдары). Биыл жоғары нәтиже көрсеткендер «Экономика», «Есеп және аудит» және «Маркетинг» мамандықтары түлектері болды.
ОЖСБ қорытындылары бойынша проректорлар жиынында білі және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев AlmaU-ды жекеменшік жоо-лар ішіндегі үздік оқу орны ретінде атап кетіі.
ОЖСБ-ны «өте жақсыға» тапсырған AlmaU бітіруші курс түлектеріне Ұлттық Тестілеу Орталығының сертификаттары тапсырылды:
1 | Аманжолова Адема Маратовна | 2015-2016 оқу жылында Оқу жетістіктерін сыртқы бағалау қорытындысы бойынша 5В050800 – Есеп және аудит мамандығы оқу бағдарламасын өте жақсы білетінін көрсетті. |
2 | Медеуова Жанбота Канаткызы | 2015-2016 оқу жылында Оқу жетістіктерін сыртқы бағалау қорытындысы бойынша 5В050800 – Есеп және аудит мамандығы оқу бағдарламасын өте жақсы білетінін көрсетті. |
3 | Базар Анеля Әділбекқызы | 2015-2016 оқу жылында Оқу жетістіктерін сыртқы бағалау қорытындысы бойынша 5В050700 – Менеджмент мамандығы оқу бағдарламасын өте жақсы білетінін көрсетті. |
4 | Павленко Елена Васильевна | 2015-2016 оқу жылында Оқу жетістіктерін сыртқы бағалау қорытындысы бойынша 5В050700 – Менеджмент мамандығы оқу бағдарламасын өте жақсы білетінін көрсетті. |
5 | Колесникова Александра Олеговна | 2015-2016 оқу жылында Оқу жетістіктерін сыртқы бағалау қорытындысы бойынша 5В050700 – Менеджмент мамандығы оқу бағдарламасын өте жақсы білетінін көрсетті. |
6 | Әбдықасым Әлфараби Әбдықасымұлы | 2015-2016 оқу жылында Оқу жетістіктерін сыртқы бағалау қорытындысы бойынша 5В050900 – Финансы мамандығы оқу бағдарламасын өте жақсы білетінін көрсетті. |
7 | Модағалиева Әсел Ғалымовна | 2015-2016 оқу жылында Оқу жетістіктерін сыртқы бағалау қорытындысы бойынша 5В050900 – Финансы мамандығы оқу бағдарламасын өте жақсы білетінін көрсетті. |
8 | Баймухамбетова Анис Бахтияровна | 2015-2016 оқу жылында Оқу жетістіктерін сыртқы бағалау қорытындысы бойынша 5В050900 – Финансы мамандығы оқу бағдарламасын өте жақсы білетінін көрсетті. |
Әрине, сыртқы бағалаудан жоғары баға алу – бұл AlmaU оқытушыларының еңбегі арқасында, олар өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, пәндерін жоғары кәсіби деңгейде береді. Сонымен, жоғары орта балл төмендегідей пәндер бойынша алдық:
- «Маркетингтік зерттеулер» - «Менеджмент, кәсіпкерлік және маркетинг» кафедрасы доценті Закирова Аида Тилектесовна;
- «Қаржы», қазақ бөлімі – аға оқытушы Арын Әсел;
- «Қазақстан Республикасы Конституциялық құқық» - «Құқық» кафедрасы аға оқытушысы Ли Елизавета Германовна;
- «Экономикалық теория» - «Экономика және бағалау» кафедрасы аға оқытушысы Алдабергенов Нұр Анварбекович
ОЖСБ сәтті тапсыруға еңбегі сіңген оқытушылар қатарында: Жумабаева Мырзабике Дастановна, Тютюнникова Марина Владимировна, Калишева Нажия Хусаиновна, Темирбекова Алма Батановна, Тайкулакова Гүлнара Сериковна, Мукушев Абзал Базарбекович, Дощанов Азамат Ерденович, Кастальская Татьяна Павловна, Таракбаева Раушан Ерболатовна, Мархаева Баянсұлу Ахилбековна, Сохатская Наталья Павловна, Абдунурова Асем Абдунуровна, Саханова Гүлмира Бахытовна.
ОЖСБ деканат қызметкерлерінің, эдвайзерлердің, Тіркеуші кеңсесі бас мамандары мен мамандарының жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастыруының арқасында өтті Солардың ішінде:
- Ашимова Айнұр Ақылбековна – ҚМЖМ академиялық мәселелері және қаржы бойынша декан орынбасары;
- Туменбаева Орынбасар Шолпанкуловна – «Экономика және сервис» Мектебі деканы;
- Болупсаев Шалқар Аманжолович – «Экономика және сервис» кафедрасы меңгерушісі;
- Тлеужанова Айымгүл Ислямханкызы – «Құқық» кафедрасы меңгерушісі;
- Шалбаева Шолпан Есламбековна – «Менеджмент» мамандығы эдвайзері;
- Еспергенова Ляззат Рыскулбековна – «Есеп және аудит» мамандығы эдвайзері;
- Ордабаева Айгүл Байзаковна – «Юриспруденция» мамандығы эдвайзері
- Қыздарбекова Гүлбағира Сериковна – Тіркеуші кеңсесі маманы;
- Карманова Бақытгүл Төлеубековна – Тіркеуші кеңсесі маманы;
- Мусанова Анель Амангазыевна – Тіркеуші кеңсесі маманы;
- Мезгильбаева Әсел Асылхановна – Базалық дайындық факультеті бас маманы;
- Байжанова Гүлжан Мұхтаровна – Экономика және сервис Мектебі бас маманы.
Студенттер мен әріптестерді құттықтаймыз!