AlmaU өкілдіктерінің туған күні

Жаңалықтар

Желтоқсан 21, 2018

AlmaU өкілдіктерінің туған күні

2018 жылы университетте  мерейтойлар көп  болды, атап айтқанда  Almaty Management University-дің  2 өкілдігі өз туған күнін  атап өтті.

23 қарашада AlmaU-дың Атырау қаласындағы өкілдігіне 8 жыл толды. Ал 29 қарашада Астана қаласындағы өкілдіктің 15 жылдық мерейтойы өтті!

Ізгі дәстүр бойынша әрбір өкілдікте тыңдаушылар мен аймақтардағы өкілдік түлектерінің жыл сайынғы Networking –party, сондай-ақ Graduation MBA-2018 рәсімдері өтті.

Атырау қаласындағы диплом тапсыру салтанатында Бизнес Жоғары Мектебінің атынан Қазақстанның Маркетинг, жарнама және PR Федерациясының Президенті, бизнес-жаттықтырушы, DBA, AlmaU оқытушысы Сабитов Тимур Шамильұлы қатысты.

26 бітірушіге Іскерлік әкімшілік магистрі - беделді МВА академиялық дәрежесі тапсырылды.

Кештің маңызды кезеңінің бірі- AlmaU туын Магистр-түлектер  "жаңадан оқуға түскен" - бірінші курс магистранттарына салтанатты түрде тапсыруы болды. Осы сәтте жылы лебіздер мен тілектер айтылды, күлкілі оқиғалар мен диплом қорғаудағы сәттер еске алынды және MBA бағдарламаларындағы керемет  оқу күндерінен естеліктер айтылды…

Дәл осы уақытта ақ  қар жамылған  Астанада өкілдіктің 15 жылдығына арналған салтанатты іс-шарада көңілді де қуанышты  түрде өтіп жатқан еді. Туған күн  мерекесіне  орай өкілдік командасына  МВА-ның сүйікті тыңдаушылары, түлектері, серіктестері мен достары құттықтауға келді! Дәстүр бойынша бұл кеште Алматы қаласындағы тапсыру рәсіміне келе алмаған түлектерге дипломдар табыс етілді, сондай-ақ жаңа МВА топтары AlmaU-да оқуды бастаудың  белгісі  ретінде – университет туын қыбылдады  және шығармашылық өнерлерін көрсетіп, сөз сөйледі. Іс-шара ұйымдастырушылар мен қонақтардың арқасында  өте қызық та жақсы деңгейде өтті!

Almaty Management University-дің Қазақстан өңірлерінде үш негізгі өкілдігі бар, олар: Астана, Атырау және Шымкент қалаларында орналасқан. Ал Қызылорда және Ақтөбе қалаларында ірі компаниялардың корпоративтік топтары іске қосылу үшін  оқу курстарынан өтуде.

Өкілдіктердің жұмысындағы негізгі бағыттардың бірі- шағын және орта бизнес басшыларын МВА - Master of Business Administration бағдарламаларында оқыту болып табылады. Келесі бір бағыт- мамандандырылған кәсіби бизнес-кеңесшілер өткізетін семинарлар мен тренингтер. Астанада DBA-Doctor of Business Administration бағдарламасы бойынша оқыту жүргізілуде, онда РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясымен (РХШжәнеМҚА)  бірлескен түрде топ-менеджерлер мен компаниялардың  иелеріне арналған бағдарлама өткізілуде.

Бөліс: