Ойлау дизайны: білім берудегі әлемдік тренд
27-28 маусымда Aлматы Менеджмент Университетінде ойлау дизайны бойынша семинар өтті. Білім саласындағы жаңа қызықты бағыт туралы семинарға қатысқан оқытушылар, компаниялардың өкілдері ойлау дизайны бойынша халықаралық сарапшы Katy Kavanaugh-тен білді (Стэнфорд университеті, АҚШ).
Көптеген салада, соның ішінде білім беру саласында қолдануға болатын жаңа әдістеме жаһандық реформалар кезінде тиімді жұмыс істейді.Спикер Katy Kavanaugh білім беру технологиялары бойынша магистр болып табылады, 2010 жылы Стэнфорд Университетін бітірген, сондай-ақ Hasso Plattner Institute of Design Стэнфорд дизайн Институтын тәмамдаған.
Katy - Силикон Алқабы Инновациялық орталығында ойлау дизайны бойынша жобалар менеджері әрі Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде жаңа реформаларды жылжыту жөніндегі шақырылған жаттықтырушылардың бірі. Бұрын қонағымыз Астана қаласында «Назарбаев Зияткерлік Мектебінде»" ойлау дизайны бойынша шеберлік мектебін өткізген. Қазіргі уақытта белсенді түрде ойлау дизайнын білім беру, бизнес киноиндустрия салаларында білім алушылардың креативтілігін дамыту үшін пәнаралық әдістемесін енгізіп, ойлау дизайнын дамытуда
Katy Kavanaugh айтуы бойынша, ойлау дизайны – бұл модельдеудің алғашқы сатыларында прототиптерді қолдана отырып, мәселелерге мультипәндік көзқарастың болуы. «Біздің үдеріс өз идеямызды жеткізу керектерді қабылдау мен түсінуден басталады», - дейді спикер. Прототип дегеніміз семинарға қатысушылардың ұсыныстарын көз алдымызға елестетуге көмек беретін түрлі қолдан жасалған заттар. Семинарда прототиптің бірі болып тыңдаушылардың орындықтан, киімдерден, доптан жасалған «әйел-робот» болды.
«Жай отырып, идеяларды айтқанша біз сол идеяларды құрастырамыз. Прототипті дайындай отырып, біз идеяны физикалық түрде түсінеміз, оны тұтынушыларға көрсете аламыз. Сонымен, олар өнімнің қандай түрде болатындарын көріп, бізге оны қалай жақсырақ модельдеуге болатыны жайында пікірлерін білдіреді. Дәлірек айтқанда, біз тұтынушыларымыздан үйренеміз. Ойлау дизайнында қарама-қайшылық, антипод – бұл бөлмеде отырып, бір нәрсе ойлап табатын бір топ жас адам, одан кейін олар ойлап тапқандарын біреулерге ұнар деген үмітпен нарыққа шығарады. Ойлау дизайны, біріншіден, тұтынушылардың қажеттілілігн түсінуден басталады», – дейді K. Kavanaugh.
Ғалия Байтілеуова, іскери қазақ тілін дамыту Орталығының бас маманы өз пікірін былай білдірді: «Біздің шешкіміз келген мәселеміз, - дұрыс тамақтану. Өкінішке орай, біз үнемі дұрыс тамақтана алмаймыз, әрине, бұл біздің денсаулығымызға әсер етеді. Біздің идеямыз AlmaU мейрамханасына өнімдерді тікелей саяжайдан алып келу. Дәлірек айтсақ, идеямыз бар, талдау жасадық, логистика жағын ойластырдық, өз ойлау дизайнымызды ұсынамыз, бірақ ең бастысы біз мынаны түсіндік, басқа адамдар жағынан түсіністік табу. Біздің қолымыздан бұл келген сияқты».
Инара Ким, «Логистика және МІҚБ» кафедрасының доценті: «Біз өткен сабақта мәселені анықтап алғанбыз, оны бүгін «тірілтуге» тырыстық, оқуға мүмкіндік болу үшін қағазға түсірдік. Содан кейін мәселені «көрнекі түрде көрсету» дағдысын қолдана отырып, біз оны мейрамхана ісі бойынша сарапшылардың қатысуымен талқыладық, себебі бүгін семинарға бірнеше мейрамханадан атқарушы директормен, екі шеф-аспазшы келді. Олар сарапшылар ретінде сөйлеп, Алматыдағы басты мәселенің бірі -дұрыс тамақтану мәселесіне тоқталып, сұрақтарға жауап берді. Осыған байланысты тағы да мәселе шығып, оны шешу жолдарын іздедік. Біздің тобымыз бұл мәселені орта статистикалық дәрежедегі отбасы тұрғысынан қарастырды, себебі қазіргі уақытта әйел затының қолы тимегендіктен үнемі пайдалы, дәмді тамақ дайындауға уақыты болмайды. Мәселені шешудің бір нұсқасы ретінде әйелдің өмірін жеңілдететін шағын фильм көрсеттік».