Астана қаласы әкімінің орынбасары және Ержан Тәтішев Қоры AlmaU-дың инновациялық мамандықтарына білім беру гранттарын ұсынды

Жаңалықтар

Қыркүйек 21, 2018

Астана қаласы әкімінің орынбасары және Ержан Тәтішев Қоры AlmaU-дың инновациялық мамандықтарына білім беру гранттарын ұсынды

 

21 қыркүйек  2018 жылы  Almaty Management University-де Астана қаласы әкімінің орынбасары және Ержан Тәтішев Қорының  білім беру гранттарын тапсыру рәсімі өтті.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев және   Е. Тәтішев атындағы  «Ержан» қорының және AlmaU  Құрылтайшылар кеңесінің мүшесі Еркін Тәтішев гранттарды тапсырды.

AlmaU-дың «Кәсіпкерлік саласындағы іскерлік әкімшілендіру» және «Business Analytics and Big Data» инновациялық мамандықтарына тапсырған  48 гранты Астана қаласы әкімдігінің болашақ мамандықтарға қосқан үлесі болып табылады. Жаңа мамандықтарды игерген студентер оқуды бітіргеннен кейін 3 жыл көлемінде грант бойынша жұмыс істеулері тиіс. Бұл Астананың «SMART CITY» және елдегі ең озық іскерлік қалалардың бірі ретінде дамуын ынталандырады.

 

«Кәсіпкерлік саласындағы іскерлік әкімшілендіру» бағдарламасы бизнесті нөлден бастауға, аймақтағы кәсіпкерлік экожүйені дамытуға қабілетті кәсіпкерлік ойлау дағдылары бар мамандарды даярлауға бағытталған. «Business Analytics and Big Data»  мамандары бизнестегі, менеджмент, экономика, математика және онымен байланысты ғылымдар бойынша білімі бар, іскерлік ақпараттар мен  деректер саласындағы мамандардың жаңа түрі болып табылады.

Грант бөлінген болашақ мамандықтар туралы AlmaU ректоры Гульмира Курганбаева өзінің құттықтау сөзінде айтты:

 «2018 жылы қазақстандық білім беру саласы үшін ерекше болды. Ағымдағы жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Президентінің 5 әлеуметтік бастамасы аясында жыл сайын бөлінген 54 мыңға қосымша 20 мың білім гранты тағайындалды. Бұл үлкен мүмкіндік және көптеген талапкерлер мен олардың ата-аналары үшін үлкен мүмкіндік! Біздің қаламыз үшін мұндай бастама өте маңызды. Биылғы жылы өзінің 20 жылдығын атап өтетін Астана еліміздің білімі мен экономикасына, болашақ мамандығына ұзақ мерзімді инвестиция жасауда»!

 

Өз сөзін қорытындылай келе, AlmaU ректоры Астананың 20 жылдық мерейтойына - университеттің және қаланың символы ретінде– бағалы шыныдан жасалған  білім алмасын тарту етіп, ерекше сыйлық жасады: «Университеттер, ең алдымен, білімді экспорттауы керек. Сондықтан сізге осы білім алмасын ұсынуға рұқсат етіңіз! Бұл астананы дамытуға қосқан үлесіміздің нышаны болсын» - деді.

 

Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев грант иегерлерін құттықтап, эксперименталдық мамандық студенттеріне астананың берген гранттары-Астана қаласын Smart City, ақылды қала ретінде трансформациялану мақсаттарына сәйкес бөлінгенін атап өтті.

 

«Астана әкімдігінің гранттарына ие болған жастар бүгінде елорданың даму стратегиясын зерттеп, біздің қаламыздың дамуына қатысты мәселелерді шешуге атсалысып, Астанаға инновациялар астанасы SMART қала болуға көмектесетін жаңа сипаттағы инновациялық жобаларды ұсынуға ниеттеніп жатқанын білемін. Сіздер оқудың алғашқы күнінен бастап практикалық және маңызды міндеттерді шешуді жоспарлағандықтарыңыз өте қуанышты жағдай», -деді Е. Аманшаев

 

Сондай-ақ, Астана қаласының әкімі, Е.Тәтішев атындағы  «Ержан» қоры Қамқоршылар кеңесінің мүшесі, Еркін Тәтішев ««Бес Тірек» » бағдарламасының грантын байқаудың алты жеңімпазына ұсынды. Еркін Нүрелдәйімұлының сөзі әдеттегідей шабыт беретіндей керемет болды. Біріншіден, ол AlmaU-дың Қамқоршылар Кеңесінің мүшесі ретінде, білім беруді қолдаушылар  үшін астананың қазіргі әкіміне алғысын білдірді, содан кейін  қор жұмыс істегелі 117 грант  бергендігін және қордың қызметі туралы әңгімеледі. Тәтішевтің айтуынша, қорда үміткерлерді іріктеу өте қатаң түрде өтеді, бірақ сол жұмыстың нәтижесі ретінде: бүгін, көптеген бұрынғы стипендиаттар табысты мансап жолын құрып, беделді жақсы маман болып,  Қазақстанды дамытуға үлес қосуда-деді.

 

Жеңімпаздарға 54 грантты тапсырғаннан кейін грант иелерінің атынан алғыс сөзді «Кәсіпкерлік саласындағы іскерлік әкімшілендіру» мамандығының 1 курс студенті Болат Тағиевке берілді.

 

Астана қаласының әкімдігі мен Білім басқармасының өкілдері үшін университет қалашығында экскурсия жүргізілді және Студенттік жобалар картасы таныстырылды.

1980 жылғы Мәскеудегі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Әлем кубогының күміс жүлдегері, екі мәрте Әлем кубогының иегері, екі мәрте Еуропа чемпионы Серік Қонақбаев аталған грант тапсыру іс-шарасының құрметті қонағы болды.

 

2018 жыл Almaty Management University үшін мерейтой жылы: желтоқсан айында университет өзінің 30 жылдығын атап өтеді. Қазақстандағы кәсіпкерлік білім берудің көшбасшысы ретінде AlmaU-ға Астана қаласының әкімдігі 1000-нан астам грант бөлген 13 жоғары оқу орындарының бірі болды.

Біз грант иелері мен олардың ата-аналарын құттықтаймыз және оларға жақсы оқып, барлық жоспарларын іске асыруларын тілейміз!

 

ІС-ШАРАНЫҢ БАРЛЫҚ СУРЕТТЕРІН ҚАРАҢЫЗ

Бөліс: