Саха Республикасы үкіметінің делегациясы AlmaU-да қонақта болды
2023 жылдың 24 қаңтарында AlmaU-ға Саха Республикасы үкіметінің делегациясы келді. Саха Республикасының инновациялар, цифрлық даму және инфокоммуникациялық технологиялар министрі Анатолий Аскалонович бастаған делегацияға Саха Республикасының Инновациялық даму қорының директоры Василий Васильевич және Инновациялық даму қоры директорының орынбасары Вера Птицына, «Саха Республикасын дамыту корпорациясы» акционерлік қоғамының бас директоры Афанасий Афанасьевич, Креативті экономиканы дамыту департаментінің директоры Светлана Алексеевна және Якутия «Технопарк» мемлекеттік автономиялық мекемесінің бас директорының орынбасары Надежда Николаевна қатысты.
Сапар аясында қонақтар үшін AlmaU кампусы бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Олар «Jalingua» студиясында, нейромаркетинг зертханасы және «Qaynar Bulaq Almaty» partner`s hub пен университеттің оқу блогында болды. Сонымен қатар, қонақтар студенттерді тіркеу, дамыту және қолдау басқармасының қызметімен толығырақ танысты.
Кездесу барысында AlmaU-дың академиялық даму жөніндегі проректоры Әсел Арынқызы университет туралы баяндады. Жүзеге асырылып жатқан және жоспарланған жобалар туралы айтты. Өз кезегінде ректор Гүлнар Тұрдалықызы Якутиядан келген қонақтарға «Ұлы Балқаш шақырады!» экологиялық акциясына қатысуға ұсыныс білдірді.
«Мемлекеттік компанияларға қарағанда сіздер нарық қажеттіліктеріне өте жылдам жауап бересіздер. Цифрландыру арқылы кино мен туризмнің тенденциясын көруге болады. Сіздің айтқаныңыздың бәрі менің жанымда жаңғырады, себебі біз де осы бағытты ұстанамыз. Балалар мен жастар трендтерді ұстанады, олар IT-де де соны көргілері келеді. Сіздер бұл сұраныстарды жоғары сапада орындап жатырсыздар. Маған «Қазақфильммен» ынтымақтасу идеясы қатты ұнады. Шынында да, бәрі тікелей өндірісте қолмен жасалып жатқан кезде, керек жабдықты неге сатып алу керек. Бұл ең жақсы тәжірибе деп ойлаймын. Университеттің бағыты өте дұрыс», - деді Саха Республикасының инновациялар, цифрлық даму және инфокоммуникациялық технологиялар министрі А.Семёнов.
«Біз кез келген ұсынысқа ашықпыз. Бізбен жұмыс істегісі келетіндердің барлығы материалдық базаға, ал біз ноу-хауға жауап береміз. Көпшілігі білім берудегі ең маңыздысы ғимарат деп санайды. Ғимарат соңғы үлгіде. Әрине, жаңа болғаны да жақсы. Бірақ нашар ғимаратпен де сіз көп нәрсені жасай аласыз. Ал ішкі жан дүниесі болмаса, стратегия дұрыс болмаса, мазмұны дұрыс болмаса, ұстаздар жоқ, тапсырманы түсінетін басшылық жоқ, бизнеске жақын болсын делік. Мұндай жағдайда тіпті ең әдемі ғимарат болса да ешнәрсе жүзеге аспайды», - деді AlmaU президенті Асылбек Қожахметов.
Асылбек Базарбайұлы құрметті қонақтарға «Қазақстандық университеттің тиімді моделін іздеуде» кітабы туралы айтып берді. Онда 12 жоғары оқу орны білім беру саласын дамыту тәжірибесімен және көзқарастарымен бөліседі. AlmaU президенті кітаптың орысша-ағылшынша нұсқасын Саха Республикасының Инновациялар, цифрлық даму және инфокоммуникациялық технологиялар министрі А.Семеновке табыстады.
Кездесу соңында AlmaU ректоры Гүлнар Тұрдалызы мен Саха Республикасының Инновациялық даму қорының директоры Василий Васильевич ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.