Алматыда әлемнің 39 елінен келген ең үздік бизнес - мектептерінің декандары мен директорлары жиналды
СEEMAN – серпінді дамып жатқан елдерде Менеджментті Дамытудың Халықаралық Ассоциациясы, оның құрамына әлемнің 52 елінен 220 мүше кіреді, өз тарихында бірінші рет жылсайынғы конференциясын Қазақстанда өткізіп отыр. СEEMAN-ның 23-ші конференциясын өткізу мәртебесіне Almaty Management University (бұрын ХБА) ие болып, конференция Американың, Азия мен Еуропаның үздік бизнес -мектептерінің декандары мен директорларының кездесуінен басталды. Кездесулердің мақсаты жаңа идеялармен, ақпараттармен бөлісіп, сонымен қатар әлемдік бизнес білім беру бойынша үздік тәжірибемен алмасу еді.
Даница Пург, CEEMAN президенті , конференцияны ашу кезінде : «Жаһандануға қарамастан, жергілікті мәселелерді шешу барысында басқару мектептері маңызды рөль атқарып келеді, шын мәнінде, олар жергілікті өзгерістердің қозғаушысы болып табылады», деп айтып кетті.
Ирина Сенникова, CEEMAN вице-президенті, Рига Халықаралық Экономика және Іскери Әкімшілік Мектебі ректоры (RISEBA), Латвия, «серпінді дамушы қоғам» терминіне былай деп түсініктеме берді: «Бұл - саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістер шапшаң қарқынмен өтіп жатқан елдер мен қоғамдастықтар».
Асылбек Қожахметов, AlmaU президенті, конференцияның ашылуын жүргізе отырып, осы іс-шараның нәтижесі ретінде конференцияға қатысушылар арасында маңызды серіктестіктер туындайтынына сенімін білдірді.
Хельмут Шутте, Қытай-Еуропа Халықаралық Бизнес Мектебінің вице-президенті және деканы, Қытай (CEIBS), жаһанданудың бүгінгі таңда бәріміз үшін жаңа тақырып емес екенін айта отырып, : «Бизнес-мектептер – олардың ғаламдық немесе жергілікті сипатына қарамастан бірегей болуға тиіс. Осы мағынада жапондық бизнес-мектептері басқару үдерісін кемеліне жеткізгені соншалық өз «ерекшеліктерін» тапқан сияқты. Бизнес-мектептерінің бірегейлігі сонда – ол үнемі жергілікті контентке байланысты, әлемдік бизнес –мектептерін алып қарайтын болсақ та, солай» деді. Спикер өз сөзінде Орталық Азия өңірінде туындайтын қиыншылықтардың бизнес-мектептерінде академиялық оқыту үлгісін сақтауларымен байланысты екенін, зерттеу жұмыстары аз, аналитикалық көзқарас элементтерінің де аз екеніне тоқталды. «Бизнес-мектептерінің кәсіпкерлік университеттерге айналу үрдісі бар, көптеген бизнес-мектептер үшін бұл жаңа іс-әрекет түріне айналған. Бұл әлі оншалықты зерттелмеген, бұл жағынан бірыңғай ереже, стратегия әзірге жоқ. Осындай жоо-ларға тұңғыш жол салушылар қатарында болуға тура келеді - алға жүру керек, іске асыру керек,» деп, Х. Шутте бизнес білім беру саласындағы осы мәселеге тоқтала кетті.
Сяобо Ву, Менеджмент Мектебі деканы, Чжецзян университеті, Қытай: «ҚХР – шапшаң дамып жатқан ел, Қытайдың бизнес-мектептері алдында : бизнес қажеттіліктеріне қалай әрекет ету керек деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа жауап беру үшін олар «біз кімді дайындап жатырмыз және не үшін дайындап жатырмыз» дегенді өздері үшін анықтап алады. Осы сұраққа бірнеше жауап бар: біріншісі- жергілікті шағын әрі орта компанияларға үлкеюге көмектесу , жергіліктіден ірі компанияға айналдыру. Бизнес-мектептер бизнеске инновациялар енгізуге, клиенттердің қажеттіліктеріне жауап беруге үйретеді. Білім алушылар міндетті түрде 4 ай қытай компанияларында тәжірибеден өтеді әрі соған қосымша 4 ай АҚШ- та өтеді. Сонымен ҚХР білім беруді жаһандандырып жатыр.
Хосе Луис Абреу, Спента Университетінің президенті әрі ректоры, Мексика: «Бизнес-мектептер өз стратегияларында әлеуметтік іс-әрекетпен байланысты сұрақтарды көтерулері керек. Әлеуметтік жауапкершілік , тұрақтылық қазіргі уақытта маңызды мәселеге айналып отыр, себебі кедейшілік әлемде қарқынды өсіп жатыр. Корпорациялардың менеджерлері өздерінде әлеуметтік құндылықтарды, әлеуметтік іс-әрекеттерді, әлеуметтік жауапкершілікті ендіруге тырысулары керек. Корпоративті әлеуметтік жауапкершілікті бизнес-мектептерде де ендіруі керектігін» айта кетті.
Конференцияның алғашқы күні аяқталды. Ертең қатысушыларды панельді сессиялардың қызықты тақырыптары мен одан да өткір пікір алмасулар күтіп тұр. Білім беруді басқару тақырыбы қоғам, бизнес, нарық қажеттілігіне сай келу жағынан қарастырылады.