Дариға Назарбаева AlmaU-дың әйелдерін 8 Наурызбен құттықтады!

Жаңалықтар

Наурыз 10, 2016

Дариға Назарбаева AlmaU-дың әйелдерін 8 Наурызбен құттықтады!

Ардақты Аналар, Әпкелер, Арулар, Құрбылар!

Сіздерді 8 наурыз Халыкаралык әйелдер күнімен Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жеке өзімнің атымнан құттықтаймын! Егемен елімізде әрәйелдің кәсіби саладағы арманына қол жеткізе отырып, отбасында да бақытты болуға мүмкіндігі бар. Қай кездері болса да нәзік жанды әйелдердің өз отбасының, бала-шағасының ғана емес қоғамныңұйтқысы болудың салмақты жүгін  арқалап келе жатқанын мен түсіннемін. Біздер – отанасымыз, ұрпақ өрбітуші, тұрмысына төзіммен, кешіріммен қарайтын адал жармыз, әже. «Әуелі анаңа содан кейін барып, атаңа жақсылық жаса!» , - деп қазақ бекер айтпаған. Қазақ әйелдері ұрпақтәрбиесінен өзге қоғамның барлық істеріне қатысып,өздерінің көзқарасатрын білдіріп, мансабында да үлкен жетістіктерге жете білген.

Алайда, менің сіздерге айтарым, нәзікжан дылығымызға қарамастан, өмір  бізге қандай сын дайындаса да, бүкіл рух -  жігерімізді жинап, барлығына да төтеп бере аламыз. Елбасының қазіргі таңда алдамызға қойып отырған басты талабы – жұдырықтай жұмыла, бірлесе отырып, елімізді дамыту. Сол мақсатымызға бірге жетейік!

Көктемнің шырайы мерекесі, халықаралық әйелдер күні – қазіргі қазақ әйелінің қоғам мен мемлекет көркі екенін  еске салатын мереке. Бүгінгі жарқын мереке күні сіздерге мәңгілік жастық алауын, адал махаббат жылуын, шынайы сүйіспеншілік шуағын тілеймін.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Д.Н.Назарбаева

Бөліс: