Қазақстан мен Испания университеттерінің арасындағы мәдени ынтымақтастық
Алматы Менеджмент Университеті мен Кастилья-Ла Манча университеті (UCLM) Kazakhstan-Europe Cooperation (KEC) Президенті Алехандро Пастрана Молеро мырзамен бірлесе отырып AlmaU-да Испан сыныбын құру туралы келісімге қол қойды.
Бұл келісімге қол қою рәсімі Қазақстан мен Испан елінің және қазақ пен испан халықтарының арасындағы достық пен өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында өткізіліп жатқан іс – шараларға байланысты ұйымдастырылды. "AlmaU-да испан сыныбын құру туралы "№285 келісім 2019 жылдың 20 мамырында Алматы Менеджмент Университетінің ректоры Г.А.Курганбаевамен, Кастилья-Ла Манча университетінің (UCLM) ректоры Мигель Анхель Колладо Юритта мырзамен, Kazakhstan-Europe Cooperation (KEC) Президенті Алехандро Пастрана Молеро мырзамен жасалды.
Қол қойылған құжат испан тілін оқытуды қолдауға және дамытуға бағытталған. AlmaU өз тарапынан испан серіктестерімен мәдени ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуға дайын екендігін жеткізді.