Creative Spark немесе Қазақстанда фэшн индустрияны қалай дамытуға болатындығы жайлы
5-7 қараша аралығында Almaty Management University-де Creative Spark:Higher Education Enterprise Programme атты Британдық Кеңестің жобасы аясында фэшн кәсіпкерлікті оқыту бойынша екінші рет шеберлік –сабақ өткізілді. Биылғы жылы бенифициар ретінде серіктес болып Алматы технологиялық университеті және Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академияларының фэшн резиденттері қатысты.
Екі күндік шеберлік-сабақ барысында оқытушылар мен резидент студенттер Ұлыбританияның ең үздік маркетологтарынан кеңес алуына мүмкіндіктері болды.
Студенттер ойлау- дизайны және идеяларды генерациялау жайлы шеберлік-сабақтарды тыңдады, сондай-ақ бейне-питчинг бойынша тренингке қатысты. Бұл тренинг командаларға өз жобаларын шектеулі уақыт аралығында әртүрлі байқауларда өздерін дұрыс сауатты түрде таныстыра білуге көмектеседі.
Шеберлік-сабақтар аяқталғаннан кейін қатысушылар мен оқытушылар арасынан 10 үздік белсенді адам іріктелді. Олар Northampton University спикерлері Caroline Lloyd және Sandy Macdonald-пен бірге таңғы аста тамақтанады және бейресми жағдайда сұрақ қойып, кеңес алуға мүмкіндіктері болады.
Іс-шараның соңғы күні, 7 қарашада, қатысушылар Narxoz University-мен бірлесіп Creative Almaty Day "аксессуарлар және әшекейлер индустриясын" ұйымдастырды.
Екінші күннің соңында қорытындылар шығарылып, сертификаттар табыс етілді.
Аталған тақырыпта іс-шаралар басталды, енді алдағы жаңалықтар мен бағдарламалардан хабардар болу үшін Инстаграм -дағы біздің парақшамызға жазылуларыңызды ұсынамыз.
Creative Spark - іс-шарасы бұл Біріккен Корольдіктің қолдауымен Орталық Азияда (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан), Оңтүстік Кавказ (Әзірбайжан, Армения, Грузия) және Украинада, аталған жеті елде кәсіпкерлік дағдылар мен креативті экономиканы дамыту мақсатында халықаралық университеттерді қолдау және халықаралық әріптестікті құру бойынша бес жылдан бері өткізіліп келе жатқан жұмыс. Жоғары білім беру саласындағы реформаларды қолдайды және осы жеті елде жұмысқа орналасу мәселелерін шешуге көмектеседі. Құрама Корольдіктің тәжірибесі кәсіпкерлік саласындағы білімді дамытуға пайдаланылатын болады.