Creative April: шығармашылықпен шабыттану!
26 наурыз - 5 сәуір аралығында Қазақстанның 4 аймағында креативті кәсіпкерлік, әлеуметтік желідегі позиция, бизнес –кейстерді қарастыру туралы Creative April атты іс-шара ұйымдастырылды.
Creative April арқылы "Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі" жобасының қатысушылары креативті және стандартты емес ойлау, шығармашылық құзыреттілікті дамыту, креативті экономика мен кәсіпкерлікті терең меңгеру үшін мүмкіндіктер мен қажетті құралдарды алды, сондай-ақ сандық ортадағы кәсіпкерлікті талқылады.
Креативті кәсіпкерлік мәдени және шығармашылық индустрия аясындағы бизнес болып табылады.
Креативті кәсіпкерлік мәдени және шығармашылық индустриялар аясында жұмыс істейтін бизнеске жатады. Түрлі елдерде бұл сала әртүрлі анықтамаға ие, негізінде креативті кәсіпкерлік мәдени шығармашылыққа негізделеді және зияткерлік меншікті қаржыландыратын саланы қамтиды.
Атап айтқанда дизайн және сән, архитектура, аудиовизуалды сектор (өнеркәсіп, радио), баспа ісі, БАҚ, визуалды өнер, музыкалық индустрия, рухани мұра (мұражай,кітапхана, мұрағат), жарнама және ойын сауық түрлері (ойындар, қосымшалар).
Шебер сабақтар республиканың Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай және Павлодар областарында өткізілді.
Данияр Медетов AlmaU бизнес-инкубатор жетекшісі, стратегия және кәсіпкерлік сала магистрі және Асем Кабулова AlmaU-дың инновация және кәсіпкерлікті дамыту орталығының жетекшісі жеті оқу орнында шеберлік-сабақтар өткізді:
- 26 наурыз – Қарағанды Медициналық университет;
- 28 наурыз – Жұбанов атындағы университет;
- 29 наурыз – Ақтөбе жоғары политехникалық колледж;
- 1 сәуір - Рудненск индустриалды институт;
- 2 сәуір – Қостанай инженер-экономикалық университет;
- 4 сәуір- Еуразиялық инновация университеті;
- 5 сәуір –Павлодар мемлекеттік педагогикалық университет.
Данияр Медетов шебер –сабақ қатысушыларына: "Аймақтардағы креативті экономика тренді өте баяу тарайтындығын және Creative April аймақ резиденттері үшін мәдени және креативті секторларда өз бизнесін құру және дамыту мүмкіндіктері туралы месседж таратқан алғашқы іс-шара болғанын атап айтты.
Аталған аймақтық жобаға Salem Social Media командасы қонақ ретінде келді. Олар тыңдаушылармен сандық кәсіпкерлік және табыс табу мүмкіндіктерімен бөлісті, сондай-ақ креативті индустриядағы өз жұмыстары жайлы айтты.
«Шебер –сабақ қатысушылары маған өте ұнады. Олар жаңа білім алу мақсатында еңбектеніп жүрген тұлғалар. Қатысушылар қызықты сұрақтар қоя біледі, бұл өте маңызды. Шындығында біздің әрқайсымыз маркетологпыз. Маркетингты үйрену –бұл жеке бизнеске жасалған алғашқы қадам болып табылады»-деді Геннадий Захаров Salem Social Media SMM бөлімінің бас маманы.
Creative April ERG (Еуразиялық топ) компаниясының "Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі" жобасы аясында өтті, ол Алматы Менеджмент университеті және Қазақстандағы Тель-Авив Университетінің достар Ассоциациясымен бірлесіп ұйымдастырылды.