Балақайлардың сағына күткен Жаңа жылдық шыршасы

Жаңалықтар

Желтоқсан 28, 2015

Балақайлардың сағына күткен Жаңа жылдық шыршасы

Балалар үшін  Жаңа жыл -  қуаныш пен ертегі сыйлайтын мереке.  Жаңа жыл мерекесі  сағына күткен балаларға  Аяз Атамен,  Ақшақармен қауышу,  әдемі, қызықты  кеш,  безендірілген шырша, әрине, сыйлықтар!

Жаңа 2016 жыл қарсаңында Алматы Менеджмент  Университетінде (бұрынғы ХБА) балаларға арналып Жаңа жылдық шырша өткізілді. Бұл нағыз ертегі еліне саяхат болды, адам бойымен бірдей «Миньон» қуыршақтар, «Монстрлар» балалармен бірге шыршаны шырмала айналып, ойнады, жарысты, сыйлықтар берді.

Бұл күні адами даму басқармасы қызметкерлері және  университетіміздің студенттері  №1 балалар үйінің бүлдіршіндеріне  әрі AlmaU  оқытушылары мен  қызметкерлерінің балаларына арнап Жаңа Жыл кешін ұйымдастырды. Әрбір бала тәттілер мен мешін жылының нышаны - маймыл ойыншығына ие болды.

Балақайлар мултьфильмдердің кейіпкерлеріне  қуанып, ән салып, тақпақ айтып, би биледі. Ұйымдастырушылар  балалардың шат күлкісін, жарқын дауыстарын естіп, балдырғандардың көңілдерін көтере алғандарына риза болды.

Балақайлар, Жаңа жылдарыңмен!

Бөліс: