Бейресми білім беру деген не?

Жаңалықтар

Қыркүйек 30, 2022

Бейресми білім беру деген не?

Бейресми білім беру дегеніміз – біліктілікті арттыру, кәсіптік қайта даярлау, кәсіптік оқыту бағдарламаларын, курстар мен тренингтерді, тәжірибелік семинарлар (уоркшоптар) қамтитын білім беру түрі.

Соңғы уақытта жоғары оқу орындары бейресми білім берудің нәтижелерін мойындап жатыр.

Біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау еңбек нарығында сұранысқа ие маман болуға, бизнестің дамуына мүмкіндік береді.

Бұл курстарда оқытатын дәріс берушілер – сұранысқа ие практиктер және жетекші сарапшылар.

Оқыту екі бағытта жүргізіледі:

Корпоративтік бағдарламалар;

• Жеке бағдарламалар

 

Бүгінгі таңда жұмыс берушілер мен бизнес иелері адами капитал кез келген ұйымның құндылығы болғандықтан өз қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға мүдделі. Сол себепті қазіргі таңда корпоративтік бағдарламаларға сұраныс артып жатыр. Жеке бағдарламаларға келетін болсақ,олар әр адамға өзінің білімі мен кәсіби біліктілігін арттыруға, қайта даярлануға, бүгінгі жағдайға бейімделуге мүмкіндік береді.

Тренингтердің мазмұнын алып қарайтын болсақ, олар заңнамадағы соңғы өзгерістерге, үздік кейстерге, халықаралық және қазақстандық тәжірибеге негізделеді. Бейресми білім алу 16 - 72 оқу сағатын құрайды. Бейресми білім беру нарығындағы тенденциялардың бірі – аралас форматта оқытуды қамтамасыз ету. Бұл – қызметкерлер үшін де, жұмыс берушілер үшін де ең қолайлы оқыту түрі.

Біздің ойымызша hard skills және soft skills дағдыларға деген сұраныстың артуына байланысты биресми білім беру нарығының болашағы зор. AlmaU Extension – Орталық Азиядағы бейресми білім беру саласындағы көшбасшылардың бірі.

https://www.youtube.com/watch?v=cKYQMW6Z3xg

Бөліс: