Шеврон, Британ Кеңесі және AlmaU

Жаңалықтар

Қазан 02, 2015

Шеврон, Британ Кеңесі және AlmaU

2015 жылдың 7 қазанында  Алматы Менеджмент Университетінде (AlmaU), бұрын ХБА, сағат  09:00 –ден сағат  16:00-ге дейін  British Council (Британ Кеңесі)  және  «Шеврон» компаниясы Алматы Менеджмент Университетімен (AlmaU) серіктестік аясында  «Әлеуметтік кәсіпкерлік  тиянақты әлеуметтік өзгерістердің жаңа моделі іспетті» тақырыбында  конференция өтеді. Конференция мақсаты -  әлеуметтік кәсіпкерлік тұжырымдамасын талқылау, тәжірибе алмасу және  қатысушыларға  үлгі болатындай  жетістіктермен бөлісуге,  инновациялар жөнінде пікір алмасуға, әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы  беталыс пен мәселелерді талқылауға мүмкіндік жасау. Конференция бағдарламасына әлеуметтік кәсіпкерлік мүмкіндіктерін талқылау, осы салада  кездесетін мәселелерді  қоса алғанда кәсіпкерлік білім беру моделін талдау кіреді. Сонымен қатар іс-шара аясында Қазақстан мен Ұлыбританиядағы  әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы табысты жобаларды іске асыру бойынша үлгі болатындай  жетістіктер ұсынылып, әлеуметтік кәсіпкерлер үшін фандрайзинг, қаржылық сауаттылық, тәлімгерлік, маркетинг және  нетворкинг бойынша тұсаукесерлер және шеберлік мектептер ұйымдастырылады.

«Әлеуметтік кәсіпкерлік  тиянақты әлеуметтік өзгерістердің жаңа моделі іспетті» конференциясы  «Шеврон» компаниясы мен British Council, яғни Британ Кеңесінің жастардың  жемісті  мансапқа қол жеткізулері үшін қажетті білім алып, дағдыларын арттыруларына, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуларына бағытталған «I-SEED: Инновациялар – әлеуметтік кәсіпкерлік және білім беру»  серіктестік жобасы аясында ұйымдастырылады. 

Бөліс: