Қазақстанның 600 –ден астам талапкері «Менің мамандығым» конференциясына қатысты

Жаңалықтар

Наурыз 26, 2018

Қазақстанның 600 –ден астам талапкері «Менің мамандығым» конференциясына қатысты

24 наурызда Almaty Management University-де «Менің мамандығым» атты  IV Республикалық жастар конференциясы өткізілді.

Конференцияға  Қазақстанның барлық аймағынан  600 –ден астам талапкер қатысты. 20-дан астам алдыңғы қатарлы мамандар мен ұйымдардың жетекшілері қатысушыларға  арнап  тренингтер мен шебер-сыныптар өткізді: мамандықтар бойынша 15 секция және кәсіпкерлік бойынша 5 секция жұмыс істеді.

«Менің мамандығым» атты   Республикалық жастар конференциясы – алаңында кез келген адам мамандық туралы ақпаратты тікелей –оқытушылардан, мамандардан және компания топ-менеджерлерінен алды. Спикерлер өздерінің мамандықтары туралы барлық мәліметтерді айтты:  өздері жүріп өткен мансап жолдары жайлы және болашақтағы жоспарлары туралы баяндап, талапкерлердің сұрақтарына жауап берді. «Менің мамандығым» бұл жай ғана конференция емес, университет үшін елеулі оқиға, ал болашақ студенттер үшін нағыз мереке болды.

Конференция қалай өтті? Конференцияның бағдарламасы қатысушыларды тіркеуден басталды, қонақтар ақпарат жазылған университеттің атаулы сыйлықтарын алды. Тіркеуден өткен қатысушыларға ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды: салтанатты түрдегі фото аймақта кәсіби фото түсірілім жүргізілді,  Dance Battle өткізілді, командалық ойындарға сыйлықтар тапсырылды, кампуста экскурсия, брендті боди арт және  диджей басқарған музыкалық қойылымдар болды.

Содан кейін іс шараның салтанатты ашылу сәті өткізілді. Almaty Management University-дің студенттік әнұраны айтылды. AlmaU-дың  “Hunters” үгіт бригадасы университеттің туымен сахнаға шығып, әнұран айтты.

Университет ректоры Гульмира Курганбаева  қатысушыларды қарсы алып, құттықтау, тілек сөздерін айтты.

 

 

Спикерлер. Конференцияның салтанатты ашылуынан соң,  эксперттер тренингтер мен  шебер-сыныптар өткізді. Спикерлер қатысушыларға келесі  мамандықтар жайлы толықтай ақпараттар айтты:

 

  • «Менеджмент», «Маркетинг» – Елена Проценко, ҒПО "ID-Group" ЖШС-ның  коммуникация бойынша серіктес басқарушысы.

  • «Есеп және аудит» – Мухит Косаев,  «KPMG Audit” ЖШС-ның  аудиторлық қызмет департаментінің серіктесі.

  • «Экономика» – Ринат Талтусов,  «Жилстройсбербанк» АҚ басқарушы директоры.

  • «Аймақтану» – Властимил Самек, БҰҰ қоғамдық ақпарат департаментінің өкілі.

  • «Қоғаммен байланыс» – Наталья Еськова,  Kcell коммуникация бөлімінің жетекшісі

  • «Оценка» – Татьяна Гиш, Kazakhstan Valuation&Consulting BT бас директоры

  • «Мемлекеттік және жергілікті басқару» – Айдар Сапаров, Алматы қаласындағы кәсіпкерлікті және индустриалды-инновацияны дамыту басқармасының  сыртқы экономикалық қызмет бөлімінің басшысы  

  • «Ақпараттық жүйе» – Андрей  Андреев, Microsoft компаниясының   БҚ жасау технологиясы бойынша эксперті.

  • «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» – Марина Кушнерёва, Aurora Café/Aurora Space директоры; Назым Байгожаева, қонақтарды орналастыру департаментінің бастығы;   Шыңғыс Мухаметжанов, Тамақтану және сусын департаментінің  бар, мейрамханалар мен нөмірлерде қызмет көрсету бөлімінің бастығы.

  • «Қаржы» – Ержан Ештаев,  Казкоммерцбанка Алматы филиалының директоры.

  • «Құқықтану» – Жанна Уразбахова, Алматы қалалық қорғаушылар коллегиясының қорғаушысы.

  • «Big Data» – Рашид Дюсембаев, корпоративтік стартап-бағдарлама бойынша кеңесші.  Астана Хаб  жанындағы C-Lab жетекшісі.

  • «Бағдарламалық инженерия» – Гульнар Загитова, «SAGRAD» ЖШС директоры

 AlmaU кәсіпкерлік университет болғандықтан да, кәсіпкерлік тақырыбы сөз болды.

  •  «IT-кәсіпкерлік: Choco Family тарихы», Рамиль Мухоряпов, CEO в Choco Family Holding

  • «IT- кәсіпкерлік: Nommi тарихы», Алена Ткаченко, Co-Founder & CEO в Nommi

  • «Мен қалай кәсіпкер болдым: жетістік, табыс туралы тарих Imperial Real Estate», Александр Белый,  Imperial Real Estate жылжымайтын мүлік агенттігінің иесі

  • «Білім беру стартаптарысәнді тренд немесе  маңызды бизнес. Upgrade Group тарихы», Аблай Юсупов,  "Upgrade Group" ЖШС бас директоры

  • «Қосарланған өміркәсіпкерлік қызмет пен жалға беру жұмысын қалай бірге алып жүруге болады», Санжар Мырзағалым

 

 

Конференцияның салтанатты жабылуы.  Қызыққа толы әсерлі де, пайдалы сәттерден соң, конференцияның жабылу салтанаты өткізілді. Демеушілердің сертификаттары және атаулы сыйлықтар ойнатылды. Конференция жүргізушісі  байқау жеңімпаздарын #Мояпрофессия2018 хэштэг-пен марапаттады. Сондай –ақ жеңімпаздар тегін кәсіби фото түсірілімге сертификат алды. Бағдарлама соңында конференция қатысушылары үшін  Zumba-инструктор Пауль Лепренің ұйымдастыруымен флешмоб өткізілді.

 

«Менің мамандығым» атты   IV Республикалық жастар конференциясына демеуші болған компаниялар:  Microsoft, BT Kazakhstan Valuation&Consulting, Kcell компаниясы, Алматы қалалық қорғаушылар коллегиясы, Алматы қаласындағы кәсіпкерлікті және индустриалды-инновацияны дамыту басқармасы, Алматы қаласындағы БҰҰ қоғамдық ақпарат департаменті, «Жилстройсбербанк» АҚ,  «KPMG Audit” ЖШС,  "ҒПО "ID-Group"ЖШС, Aurora Café/Aurora Space, C-Lab, "Казкоммерцбанк" Алматы филиалы , Choco Family Holding,  «SAGRAD» ЖШС, Nommi, Imperial Real Estate жылжымайтын мүлік агенттігі, "Upgrade Group" ЖШС, Barber Shop "Бравый", Fitness Empire, Bosstan Gym, Time Café , DanaKD фотостудиясы.

Бөліс: