30-дан астам млн теңге - «STARTUP «BOLASHAK» конкурсы жүлде қоры

Жаңалықтар

Қыркүйек 14, 2016

30-дан астам млн теңге - «STARTUP «BOLASHAK» конкурсы жүлде қоры

«Болашақ» Қауымдастығы «Даму» қорымен бірлесіп ісін бастап келе жатқан кәсіпкерлерге арналған республикалық бизнес жобалар байқауының ашылғанын жариялады. Оның мақсаты жас қазақстандықтардыңкәсіпкерлік бастамаларын жан-жақты қолдау болып табылады.

Байқауға Қазақстанның әр түкпірінің жасы 18-ден 29-ға дейінгі  кәсіпкерлері қатыса алады. Байқау I орын үшін –7 млн теңге, II орын үшін – 6 млн теңге және ІІІ орын үшін 5 млн теңге көлемінде берілетін «Болашақ» Қауымдастығының 3 грантын көздейді.

Сонымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Даму Бағдарламасы Еуропалық одақтың қаржылай қолдауымен «жасыл экономика» саласындағы стартаптарды іске асыру үшін 15 млн теңге көлемінде гранттар береді.

Ең қызық идеялардың авторлары инвесторлардан инвестиция ала алады және оларға «Даму» қоры қолдау көрсететін болады.

Байқауға қатысуға арналған өтінімдер 23 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) қабылданады. «Даму» Қорының барлық өңірлерде ашылған кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары құжаттарды қабылдайды. Жеңімпаздардың аттары қарашаның 26 күні өтетін Бизнес-жоспарлар марафонында белгілі болады.

«Startup «Bolashak» байқауының өтуін Республикалық телеарналардың бірінде реалити-шоу форматында көруге болады.

«Болашақ» Қауымдастығының стартап жобаларының байқауы жастардың бизнес саласындағы бастамаларын қолдау құралдарының бірі ретінде Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» атты Ұлттық Жоспарды іске асыруға бағытталған.

Байқау өтіуі және өтінім беру туралы толығырақ ақпаратты www.bolashak.kz,  www.damu.kz сайттарынан және +7 7172 707 669 телефоны арқылы біле аласыздар.

Байқаудың ұйымдастырушылары мен әріптестері: «Болашақ» Қауымдастығы, «Даму» Қоры, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Даму Бағдарламасы.


«Startup «Bolashak» байқауы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Болашақ» Қауымдастығының  «25 Қайрымды Іс» жобасының аясында бизнес ортасын дамыту бағытында өткізіледі.

Жоба 8 бағытты қамтиды: бизнес ортасын жақсарту, қоршаған ортаны қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, қайрымдылық, дене шынықтыру мен спортты дамыту, мәдени және патриоттық іс-шаралар.

Жастар кәсіпкерлігін дамыту «Болашақ» Қауымдастығы 2015 жылы қабылдаған Даму Стратегиясының маңызды бағыттарының бірі. Бұл қатарда сондай-ақ білім трансфері, қайрымдылық және саламатты өмір салтын насихаттау көрсетілген.

Бөліс: