Кәсіпкерлік және инновация мектебінде ұйымдастырылатын таңертеңгілік ас

Жаңалықтар

Желтоқсан 13, 2019

Кәсіпкерлік және инновация мектебінде ұйымдастырылатын таңертеңгілік ас

2019 жылдың 12- 13 желтоқсан аралығында Алматы қаласының ірі қонақ үйінде студенттер Әлішер Еликбаевпен және Аблай Юсуповпен бизнес-ас ішті.

 Бизнес-ас дегеніміз-бұл бизнес және кәсіпкер  тұлғалар үшін танысу мен үйренудің, сұхбаттасудың тиімді де  жаңа форматы. Жаңа идеялар пайда болатын, өзекті сұрақтарға жауап алатын тамаша мүмкіндік және мотивациялық энергиямен  шабыттанатын кез. Ең бастысы, маңызды ақпараттармен бөлісіп қана қоймай, сонымен қатар әңгімелесіп, іскери байланысты нығайту мүмкіндігі болып табылады.

Әлішер Еликбаевпен болған таңғы ас

12 желтоқсан күні  StartUp Night AlmaU 2019 жеңімпаздары  Ritz Carlton Almaty қонақ үйінде Әлішер Еликбаевпен таңғы ас ішу мүмкіндігіне ие болды.  «ChocoFamily»  холдингінің акционері студенттермен Қазақстанда және шет елде жетістікке қалай жетуге болатындығы жайлы кеңесімен бөлісті.

Студенттердің бірі  бизнес, маркетинг және менеджмент туралы кәсіпкерден не үйренгенін, білгенін айтты:

"Біз Әлішер Елікбаевпен таныстық. Ол өте тамаша жан екен. Оны тыңдай отырып түсінгеніміз, адам кез-келген жағдайдан шығуға болатынын түсіндік. Егер жастар мақсатқа ұмтылып, шыдамды, еңбекқор болса көп нәтижеге қолжеткізулеріне болады. Әлішер Елікбаев өте сыпайы және барлығымен ортақ тіл табысатын жан екен".

Әлішер студенттермен кездескеніне өте қуанышты болды. Ол командалық жұмыс, ынталы еңбекті және терең академиялық білімді дамыту үшін  ең қолайлы  траектория  екендігін айтты. Сонымен қатар мұндай жұмыстар  жеке және кәсіби білім алуға жетелейтіндігін ескертті.

 

Аблай Юсуповпен болған таңғы ас

2019 жылдың 13 желтоқсанында StartUp Night AlmaU 2019 атты студенттік байқауда екінші орын алған жеңімпаз команда Upgrade School компаниясы арқылы  әлемді  өзгертуге атсалысып жүрген кәсіпкер Аблай Юсуповпен  таңғы ас ішу мүмкіндігіне ие болды. Ол  AlmaU -дың түлегі, маркетинг, менеджмент саласының білікті маманы.

Рrojecathon StartUp Night AlmaU 2019 байқауында екінші орын алған студенттердің жұмысы маркетинг, менеджмент және  компьютерлік  технологияға байланысты болған еді.

Rahat Palace қонақ үйінде ұйымдастырылған  қабылдау жақсы  достық қарым-қатынаста өтті. Студенттер Аблай Юсуповпен  тез тіл табысып, кездесу тамаша өтті.

Аблай Юсупов өмірде ешқашан қорықпай, кез-келген істі бастай беру керектігін айтты. Студенттік кезде пайда болған керемет идеяларды жинастырып, оны іске асырып, орындау қажеттігін ескертті. Мысалы, егер сізде бір идея пайда болса және оның қаншалықты жүзеге асатынын білгіңіз келсе,  достарыңызға қоңырау шалыңыз. Осы идеяны іске асыру жайлы  ұсынысыңызбен бөлісіңіз. Олар жағдайды мұқият талқылап, бағалай отырып, сынайды  немесе сізді  қолдайды.

"Ақпараттық технологияларда жүзеге асыру үшін көптеген мүмкіндіктер бар. Мысалы StartUp-, Accelerator-, Incubator-студенттер мен жастарға арналған түрлі бағдарламалар бар. Онда  идеяларды сынап, жобаларды  бағалауға болады. Ол үшін достарыңызбен байланыста болып, осындай бастамалар жасайтын студенттермен араласып, түрлі жобаларды жасау керек. Егер жақсы мүмкіндіктер сізге келмесе, онда сіз сол мүмкіндікті өзіңіз жасауыңыз тиіс" - дейді Software and Computer Science бағдарламасының студенті.


Сондай-ақ, жаһандану жағдайында нарыққа тез бейімделе білу қажет екенін түсіну маңызды. AlmaU-дың кәсіпкерлік және инновация мектебі Қазақстанда стратегиялық шешімдер қабылдай білетін,  әр түрлі саланы дамытатын жаңа ұрпақты тәрбиелеуде. Аталған мектеп болашақ кәсіпкерлерге ең үздік тәжірибе бере отырып, маңызды міндеттер атқаруда.

 

Бөліс: