Германия мен Қазақстан
22 қаңтарда Aлматы Менеджмент Университетіне «Елші уақыты» жобасының аясында Германияның Қазақстандағы елшісі д-р Гидо Херц келді.
Қонақ осы кездесу барысында АlmaU инновациялық мұражайын тамашалап, оқу орнының оқытушылар мен студенттері алдында «Қазақстан – Германия: екі жақты ынтымақтастықтың негізгі аспектілері» атты қонақ дәрісін өткізді.
Елшінің айтуы бойынша қазіргі уақытта Қазақстан мен Германияның арасында екі жақты қатынастар бойынша ешқандай қайшылық тудыратын мәселелер жоқ. «Қазіргі уақытта саяси еуропалық интеграцияның деңгейі түсіп барады, енді ұлттық мемлекеттердің рөлі артуы мүмкін, осыған қарама-қайшы жағдай интеграциялық және халықаралық бірлестік ретінде Еуропалық Одақтың саяси ықпалының төмендеуі байқалады», - деп Г. Херц мырза өз ойын білдірді..
Д-р Гидо Херц Сыртқы істер министрлігінде 1979 жылдан бері қызмет етеді. Осы жылдар ішінде өз мемлекетінің елшіліктерінде түрлі позицияларда қызмет атқарған, соның ішінде Брюссельде (ЕО) және Тунисте. Германияның Қазақстандағы елшісі ретінде Херц мырза 2011 жылдың тамызынан бастап қызмет етеді.