Израиль елшісінің студенттермен кездесуі
2016 жылдың 21 қаңтарында Алматы Менеджмент Университетіне (бұрынғы ХБА) Қазақстан Республикасындағы Израиль мемлекетінің елшісі Михаэль Бродский қонақта болды.
Бродский мырза бұл кездесу барысында студенттерге Израильдің табысты ел қатарына айналу құпиясы туралы айта отырып, оның басты кілті инновациялар болғанын айтып берді. М. Бродский сөзіне дәлел ретінде Bloomberg баспасының сарапшылары айтқан пікірлерді келтірді, олардың айтуы бойынша Израиль әлемде инновациялық технологиялар саласындағы екі маңызды көрсеткіштерден бірінші орын алады: 1) фирмалардың зерттеулер мен нұсқаулықтар дайындауға кететін шығындары мен оларды сатудан түсетін пайданың арасалмағының тепе-теңдігі (R&D intensity); 2) зерттеушілердің шоғырлануы аймақтар мен халықтың тепе-теңдігін сақтайды.
Осы сапар аясында Алматы Менеджмент Университеті президенті Асылбек Қожахметов елшімен ресми жағдайда кездесіп, алдағы уақытта AlmaU мен Израиль университеттерінің арасындағы ынтымақтастық туралы сөйлесіп, осы мәселені талқылады.