«Алтын Тамға - 2019»: үздіктердің үздігіне арналған байқау!

Жаңалықтар

Маусым 03, 2019

«Алтын Тамға - 2019»: үздіктердің үздігіне арналған байқау!

2019 жылдың 23 мамырында Atrium Grand Hall-да  «Алтын Тамға-2019» студенттік байқаудың  жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті! AlmaU-дың ең жігерлі студенттері байқаудың жеңімпазы атанды!

 

"Алтын Тамға" - университеттің жыл сайын өткізетін ең беделді байқауы. Оның мақсаты: үздік студенттерді анықтау болып табылады. Бұл байқау белсенді студенттік өмірді біліммен ұштастыра білетін білім алушыларға арналған, ең бастысы белсенділік үшін 20% - дан 100% - ға дейін жеңілдік алуға мүмкіндік бар!

Almaty Management University-дің студенттік өмірі қызықты және маңызды оқиғаларға толы екені баршамызға белгілі. Кейбір іс-шаралар AlmaU-дың  дәстүріне айналуда. Белсенді студентке тән ең басты құндылық- белсенділік, еңбексүйгіштік, креативтілік, ұйымдастырушылық. Осындай AlmaU-дың  игі дәстүріне  айналған істің бірі- жыл сайын ұйымдастырылатын "Алтын Тамға" байқауы.

Үміткерлерге "Алтын Тамға-2019" байқауында жеңіске жету оңай болмады! Байқауға қатысу үшін балалар бірнеше кезеңдік сынақтардан өтті, олардың ең басты мақсаты - білім алуларына олардың белсенді студенттік өмірінің кедергі келтірмейтіндігін дәлелдеулері керек болды. Өйткені ең басты талаптардың  бірі - GPA 3.0 балдан төмен болмауы тиіс еді. Ал бас жүлдені жеңіп алып, Жыл студенті атану үшін білім көрсеткіші 3.5 балдан кем емес болуы қажет.

Жыл бойы студенттер аталған мақсаттарға жету үшін аянбай тер төгіп, көп еңбек етті.

Қазіргі уақытта барлық аталымдар бойынша жеңімпаздардың есімі   белгілі болды. Олар:

 «Алтын Тамға-2019» жеңімпаздары:

«Жылдың үздік студенті» - Нам Татьяна Станиславовна, «МІжМБ» 3 курс, орыс бөлімі

«Жылдың үздік магистранты» - Рахимов Әсет Ержанұлы, «Құқықтану» 1 курс магистратура, орыс бөлімі

«Жыл спортшысы» - Яковенко Александр Константинович, «Құқықтану» 3 курс, орыс бөлімі

«Жылдың белсенді студенті» - Шемезова Карина Харкиевна, «МІжМБ» 2 курс, орыс бөлімі

 «Жыл зерттеушісі» - Төраxмет Мадияр Ғалымжанұлы, «Ақпараттық жүйе» 3 курс, ағылшын бөлімі

«Жыл жаңалығын ашқан студент» - Мирных Борис Олегович, «Менеджмент» 1 курс,  ағылшын бөлімі

«Шетелдік үздік студент» - Юлдашева Васила Анваровна, «МІжМБ» 2 курс,  ағылшын бөлімі

«Үздік студенттік клуб» - REMUS және  SYNERGY

«Жылдың үздік еріктісі» - Итахунова Адиля Адилжановна, «Логистика» 1 курс, орыс бөлімі

«Жыл дизайнері» - Даутова Анель Ермекқызы, «Маркетинг» 2 курс, орыс бөлімі

«Жыл видеомейкері» - Вологин Виталий Геннадьевич, «Логистика» 3 курс, орыс бөлімі

«Жыл әртісі» - Ильченко Максим Сергеевич, «Қаржыгер» 4 курс, орыс бөлімі

«Жыл Hunter-і» - Кайдаров Амир Канатович, «МІжМБ» 1 курс, орыс бөлімі

«Hunter Media Face» - Кариева Айгерим Талгатовна, «Менеджмент» 1 курс, қазақ бөлімі

Тағы бір тамаша жаңалықтың бірі-  «Алтын Тамға» байқауының аясында алты жыл қатарынан  ресми емес  – «Алтын Алма» байқауы ұйымдастырылады. Биылғы жылы студенттердің дауыс беруі арқылы аталған «Алтын Алма» байқауының жеңімпазы атанған студенттер:

«AlmaU-дың алтын жүрегі» - Храпунова Елизавета Владимировна, «МІжМБ» 1 курс, орыс бөлімі

«Жыл InstagrammeR-і» - Зиманов Даулет Мағауияұлы, «Маркетинг» 4 курс, орыс бөлімі

«Sweet Couple» - Амирова Малика Сериковна және Оралхан Мади Бейбитұлы, «МІжМБ» 1 және 2 курс, орыс және қазақ  бөлімі

«Fashion Killa» - Кин Анна Владимировна, «МІжМБ» 2 курс, ағылшын бөлімі

«Патриот of AlmaU» - Маратова Томирис Бакытовна «МІжМБ» 1 курс, қазақ бөлімі

«Алтын дауыс» - Ажгалиев Алишер Жаксиликулы, «МІжМБ» 3 курс, орыс бөлімі

«Интеллектуал» - Жантасова Зару Ануаровна, «Логистика» 1 курс, орыс бөлімі

«Жыл әзілкеші» - Сагалиев Саги Серикович, «МІжМБ» 1 курс, орыс бөлімі

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларға алдағы жаңа істеріне  сәттілік тілейміз!

Әр жеңімпазды лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!  Алдағы уақытта үлкен биіктерге жетулеріне тілектеспіз!

Бөліс: