AlmaU-дың Lehigh университетімен (АҚШ) белсенді қарым-қатынасы жаңа деңгейге шықпақ
2020 жылдың қаңтар айында екі университеттің студенттері мен оқытушыларының қатысуымен AlmaU және Lehigh университеттері жемісті ынтымақтастықты бастады. АҚШ елшілігінің қолдауымен, UniCEN-мен қаржылай қамтамасыз етілетін Global Social Impact Fellowship бағдарламасы аясында, Қазақстанда халықаралық білім беруді қамтамсыз ететін Америка Кеңесімен жүзеге асатын Орталық Азия Университеттерінің әріптестік бағдарламасы аясында, екі жоғары оқу орнының 20-ға жуық студенттері және бірнеше оқытушылары қалыпты даму аясында білім беру жобаларын жүзеге асыруда бірге жұмыс істеді.
Бірінші жоба мектеп оқушыларына арналған қалыпты білім беру тақырыбында болады. Жоба қатысушылары оқушылармен қалыпты даму проблемасы жөнінде талқылау үшін, ойлау деңгейінің өзгеруіне ықпал ету үшін, смартфондарға қосымша жасап шығаруды мақсат етеді.
Екінші жоба Алматы қаласындағы ауа ластану тақырыбына арналған, оның қатысушылары осы тақырыпты зерттеп, арнайы шешімдерді ұсынады. Мұнда, «ақылды қала» жобасы инновациялары бүкіл Қазақстан бойынша ұсынылуда, әсіресе, үлкен Алматы қаласында. Бұл инновациялар денсаулық сақтау, білім беру, қауіпсіздік және т.б. салаларда жүзеге асырылуда. Алматы қаласының дамуы, үлкен әлем деңгейіндегі қалаға айналуы «ақылды қала» жобасын тезірек дамытуды талап етеді. Осы жоба бойынша, «ақылды қала» жобасында қалалық дизайндағы инновацияларды шығару үшін, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен осы жаңартпаларды жүзеге асыруда жұмыс істеу мүмкіндіктерін іздеу үшін, қатысушылар қоғамдық ұйымдармен, Қазақстанның үздік университеттерімен, сондай-ақ Гонконгтағы Lehigh Университетінің студенттерімен бірге жұмыс істейді.
Lehigh және AlmaU университеттерінің студенттері Әйгерім Серикбаева (Инженерлік менеджмент мектебі), Аврора Диаз-Солоага (Менеджмент мектебі), д-р Ханджан Мехта (Lehigh университетінің шығармашылық мәселесі бойынша проректор, Mountaintop Initiative директоры) оқытушыларының басшылығымен жұмыс істейді.
Осы жоба аясында AlmaU жоба координаторлары, академиялық мәселелер жөніндегі проректор Әсел Арынқызы және Инженерлік Менеджмент мектебінің деканы Қуаныш Әбешевпен 2021 жылдың шілде айында Lehigh университетіне іс-сапармен барды. Іс-сапар барысында олар the Unconference on Impact Education-ге (импакт-білім беру бойынша неконференция) қатысып, топ-менеджерлермен (ректор, проректор, декандармен) және Lehigh университетінің оқытушыларымен кездесті. Бұл сапардың мақсаты – студенттермен және оқытушылармен алмасу, потенциалды нығайту, ортақ жоба, интернационалдандыру саласында ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндіктерін іздеу болды.
Сондай-ақ, 2021 жылдың шілде айында Lehigh университетінің өкілдері AlmaU-ға іс-сапармен келді. Жоғары басшылықпен, декандармен және оқытушылармен кездесті. Бұл күндері өте көп кездесулер өтті, өз кезегінде ортақ жобалардың санын көбейтуге және ынтымақтастықты нығайтуға өз септігін тигізді.
Әріптестер 2021 жылдың қазан айында халықаралық саммитті өткізуге дайындық жүргізуде.
Төменде сіз өткен митингтерден фотосуреттерді көре аласыз:
* Lehigh университетінің ресми сайтынан алынған:
https://creativeinquiry.lehigh.edu/mountaintop-summer-experience/air-quality-almaty