AlmaU - қайта жүктеу! Біз оқу сапасын әрі түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттырамыз

Жаңалықтар

Маусым 22, 2016

AlmaU - қайта жүктеу! Біз оқу сапасын әрі түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттырамыз

Еліміздің үздік  бизнес-университетінде  бірегей оқу бағдарламалары дайындалды. Жаңа оқу жылынан бастап,  AlmaU –дағы бүкіл оқыту үдерісі  бес базалық блоктарға негізделетін болады:

1. Базалық білім

Математика мен үштілділікке баса назар аударылады.  IELTS шығу кезінде – min. 5,5.

2. Кәсіпкерлік

Кәсіпкер сияқты  ойлау, әрекет ете білу. Идеялар  тудырудан бастап, стартап ұйымдастыру, инвесторлар тарту.

3. Басқару

Бизнес-үдерістерді  түсіну және кез келген ауқымдағы  жобаларды басқару.

 4. Кәсіби білімі мен дағдысы

Түлек - халықаралық біліктілігі бар кәсіпқой, дайын маман. Заманауи  тәсілдермен  оқытатын жаңартылған оқытушылық құрам, ірі компанияларда машықтанудан өту  

5. Тұлғаның дамуы

Бизнес-коммуникациялар, өз уақытын жоспарлау, сыни тұрғыдан ойлау, көшбасшылық, Service-learning ("қоғамға қызмет ету" -  моральдық қасиеттерін  әлеуметтік ұйымдарда жұмыс істеу арқылы дамыту ) , бизнес философиясы.

Алмагүл Қанағатова, AlmaU ректоры: «…биыл біз оқу бағдарламаларына түзетулер енгіздік. Студенттерді дайындау 5 блок бойынша жүргізіледі: кәсіби дайындық, тілдік құзыреттіліктерін күшейту (academic writing, Critical thinking), басқарушылық құзыреттілігін дамыту блогі қайта қаралды, барлық мамандықтар бойынша кәсіпкерлікке оқыту тәсілі жетілдірмекші, жеке тұлғаны дамытуға арналған пәндерге көбірек мән беріледі ( шешендік өнер, рух пен тән философиясы). Біздің студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша серіктес жоғарғы оқу орындарында  оқи алады (Францияның, Сингапурдың, Қытайдың, Оңтүстік Кореяның, Ұлыбританияның). Қамқоршылық Кеңесі мүшелерінің жетекші компанияларында практика алу. Тағы бір жақсы жаңалық: біздің университет Израиль мен Францияның жетекші жоо-ларымен серіктестікте "инженерлік менеджмент" мамандығы бойынша бакалавриатта және магистратурада мамандар дайындауды жүзеге асырмақшы, 2 жыл Қазақстанда және 2 жыл Францияда (бакалавриат)». 

Гүлмира Курганбаева, AlmaU бірінші  проректоры: "Біз  оқу бағдарламаларын жетілдірдік, себебі соңғы 3 жыл ішінде  AlmaU кәсіпкерлік университет моделін қалыптастырып келеді. Бізді  ақпараттық дәуір әлемі қоршап тұр, бұл  –  шығармашылық,  турбулентті  әлем, онда ұзақ мерзімге болжау жасау өте қиын. Бүгін адам осында болса,  ертең басқа позицияда, басқа компанияда,  тіпті басқа елде болуы мүмкін. Барлығы тез өзгереді және біздің түлектеріміз бұл әлемнің турбуленттілігін шектеу деп қарастырмай, жаңа мүмкіндік деп түсінуі керек. Бүгінгі талаптарға сай болу үшін  ақылдың орамдылығы, стандартты емес, жаңаша ойлау білу қажет,  адам жылдам, тез бейімделетін болуы керек, осы дағдылардың бәрі кәсіпкерлік курсы аясында берілмекші. Біз бүгін  өзгеру  бағдарламасын қабылдадық деп айта аламыз. Бірақ, шын мәнінде, AlmaU –да үнемі өзгеріс бағдарламалары болып тұрады. Жыл сайын біз бір нәрсені қайта қараймыз, жетілдіреміз, тәсілдерді өзгертеміз. Мүмкін, сондықтан да біз басқа университеттерге қарағанда алдамыз. Шын мәнінде, іскерлік 28 жыл бойы университетімізге алғашқы жол салушылардың қатарында болуға мүмкіндік берді. Әрі біз осы қасиетті студенттеріміздің бойына сіңіргіміз келеді".

Толық ақпаратты Сіз Университеттің қабылдау комиссиясынан біле аласыз! Ең озық  талапкерлерді күтеміз! 

Бөліс: