AlmaU Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің үш аталымы бойынша көшбасшы орындарды иеленді

Жаңалықтар

Қыркүйек 26, 2018

AlmaU Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің үш аталымы бойынша көшбасшы орындарды иеленді

 

Қазақстанның үздік университеттерінің оныншы жыл сайын өткізілетін ұлттық рейтингінің қорытындысы бойынша, Almaty ManagementUniversity (AlmaU) «Интернационализация көшбасшысы» және «Ғаламтор кеңістігінде Университетті алға жылжытудағы көшбасшы» номинациялары бойынша 1 орынды және институционалдық рейтинг бойынша 3-орынды алды.

21 қыркүйекте Астана қаласында 2018 жылғы Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингісінің қорытындысы бойынша сертификаттар тапсыру салтанатты рәсімі өтті. Марапаттау рәсімінде AlmaU-дың бірінші проректоры Алмагүл Қанағатова марапаттарға ие болды.

Қазақстанның ең үздік ЖОО-ның ұлттық рейтингі 2008 жылдан бері Тәуелсіз аккредитация және рейтинг агенттігі (NAAR) тарапынан жүргізілуде. Биылғы жылы 10-шы мерейтойлық ұлттық рейтинг өтті.

Салтанатты рәсімде қазақстандық жоғары оқу орындарына келесі бағыттар бойынша институционалдық рейтингіге сертификаттар тапсырылды:

«Үздік көпсалалы ЖОО»

«Үздік техникалық ЖОО»

«Үздік гуманитарлық және экономикалық ЖОО»

«Үздік медициналық ЖОО»

«Үздік өнер ЖОО»

«Үздік педагогикалық ЖОО»

Сондай-ақ бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша білім беру бағдарламаларының рейтингіне қатысқан университеттерге сертификаттар берілді. Жекелеген университеттерге рейтингтің жекелеген санаттарында сертификаттар тапсырылды:

«Студенттер құрамының сапасындағы көшбасшы»

«Студенттік оқудағы көшбасшы»

«Факультеттің сапасы бойынша көшбасшы»

«Ғылым мен инновацияны дамытудағы көшбасшы»

«Интернационализациядағы көшбасшы»

«Ғаламтор кеңістігінде университетті насихаттаудағы көшбасшы»

«Сарапшылардың беделді бағалауындағы көшбасшы»

«Жұмыс берушілердің бағалауындағы көшбасшы»

 

 

 

 Айта кету керек, Almaty Management University  Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің рейтингісінде үнемі жетекші орындарға ие. Ағымдағы жылдың мамыр айында АРТА 2018 жылы Қазақстандағы ең үздік 20 ЖОО тізімін жариялады, оның ішінде AlmaU-да бар. 2016 жылы университеттің 8 мамандығы АРТА -да аккредитациядан өтті. Сол жылы осы рейтингте AlmaU -да оқытылатын мамандықтар алдыңғы орындарды иеленді. «Логистика» мамандығы 1 орын алды, «МІжМБ» мамандығы - 2 орын, «Маркетинг» мамандығы - 4 орынды иемденді. 2015 жылы 5 AlmaU мамандығы АРТА рейтингінде жетекші орындарды иеленді.

 

Бөліс: