AlmaU Store Day: студенттен кәсіпкерге дейін
Елімізде университетте оқып жүріп, өз кәсібін бастайтын студент аз емес. Кәсіпкерлікті дамыту, әсіресе жас кәсіпкерлерді қолдау – еліміз бен экономикамыз үшін аса маңызды міндет. Almaty Management University алғаш рет өз кәсіптерін ашқан студенттерді қолдау мақсатында AlmaU Store Day жәрмеңкесін өткізді. Жәрмеңкеде студенттер әртүрлі қызмет, өнім, киім, тағамдарын ұсынды. Оған бірінші курс студенттерінен бастап жоғары курс студенттеріне дейін қатысты.
Балалық қызығушылықтан табысты бизнеске
Елизавета AlmaU-дың 1 курс студенті. Оның балалық қызығушылығы пайдалы бизнеске айналған.
«Мұндай форматтағы іс-шараға алғаш рет қатысып отырмын. Ерекше әсер алдым. Әжем маған 7 жасымда тоқуды үйретті. Басында бұл процесс маған ұнайтын, ойыншықтарыма арнап тоқитынмын. Кейін басқа хобби пайда болып, тоқуды қойдым. Біраз уақыт өткеннен кейінжинаған білімім мен тәжірибемді қолдана отырып, хоббиіме қайта оралуды шештім. Instagram-да парақша ашып, белсенді түрде жүргізе бастадым. Сондай-ақ анамның дүкенінде мен тоқыған ойыншықтарға арналған сөре бар. Бізге, яғни жас кәсіпкерлерге университет тамаша мүмкіндік беріп отыр. Бүгінгі жәрмеңкеге қатысқаныма өте қуаныштымын. Болашақта осындай іс-шараларға қатысып, кәсібімді әлеуметтік желіде белсенді түрде дамытудыжоспарлап отырмын».
Елизавета жәрмеңкеде әртүрлі бағадағы 12 ойыншық сатты. Бүгінгі тапқан табысы – 42 700 теңге.
Басқаларға жақсы өмір сыйлау үшін – өмір сүру
Кәсіпкерлікке деген қызығушылық тек Елизавета да ғана емес. Сабина Арыстанқызы да кәсібін нәсіпке айналдырған студенттердің бірі. Ол «АРЫСТАН» өзін-өзі дамыту орталығының негізін қалаушы. Оның өмір сүру принципі: басқаларға жақсы өмір сыйлау үшін –өмір сүру.
«Мен адамдардың өзін-өзі дамытуына, өздерінің ең жақсы нұсқасын табуына көмектескім келеді. Олар өздерін басқалармен салыстырмай, кешегі өздерімен салыстырғандарын қалаймын. Себебі әркімнің жетістікке жетер жолы әртүрлі. Менің орталықтағы алғашқы хоббиім –мобилография. Бұл менің өміріме оң өзгерістер әкелген хобби. Осы дағдының арқасында алғашқы миллионды таптым. Мaxmara, Nivea, Saks сияқты ірі брендтермен жұмыс істедім, блогерлермен таныстым.
Сабина маркетинг мамандығын әрі қарай зерттеп, кәсіби деңгейін дамыту үшін магистр дәрежесін алуды жоспарлап отыр. Болашақта оның орталығы жаңа бағыттар бойынша жұмыс істейді. Мысалы:
- ұсақ моторика;
- ағылшын тілі;
- рухани өсу;
- шешендік өнер;
- кәсіпкерлік.
«Менің басты мақсатым – бұл орталық кез келген тұлғаның дамуына, оның отбасы мүшелерімен бірге дамуына (балалар, ересектер) толық бағыт беру», - деп атап өтті Сабина.
Жәрмеңкеге қатысуға студенттерден 100 өтінім келіп түсті
Жәрмеңкеге қатысуға студенттерден 100 өтінім келіп түсті. Бірақ шараға қатысуға комиссия нәтижесі бойынша 28 қатысушы өтті. Іріктеуге қатысқан комиссия мүшелері:
Сергеева Анара Маратқызы, Медиа және Кино мектебінің деканы.
Медетов Данияр Жанарбекұлы, Кәсіпкерлік және инновация мектебі бағдарламаларының директоры.
Карабаева Екатерина Асановна, Медиа және Кино мектебінің практик профессоры (мультимедиялық контент және SMM құру).
Крылова Дарья Сергеевна, Маркетинг басқармасының директоры.
Өтінімдер арасында қолдан жасалған бұйымдар, неон маңдайшалары, зергерлік бұйымдар, тілектер картасы, косметика, қазақ тіліндегі ашық хаттар, шоколадты құрма, эпоксидті шайырдан жасалған суреттер, IT-мектеп, сұлулық салонының қызметтері, мобилография курсы болды.
Сатылымның 10%-ы қайырымдылыққа жіберілді
Сатылымның 10%-ы Батқалқазы Ерқанат Нұржанұлының еміне жіберілді. Ол 2 топтағы мүмкіндігі шектеулі бала. Диагнозы: OU – туа біткен даму аномалиясы, аниридия (иристің болмауы (13.1)), OD – күрделі миопиялық астигматизм, OS – қарапайым миопиялық астигматизм.
Жәрмеңкеде кәсіпкерлер 650 515 теңге табыс тапты, оның 66 892 теңгесі қайырымдылыққа жіберілді. Қонақтарға арнап Play Station Zone ойын-сауық алаңы орнатылды. Онда 6000 теңге жиналды. Бұл қаражатта та қайырымдылыққа бағытталды.
Жәрмеңкеге қатысқан кәсіпкерлерге келесі номинациялар табысталды:
1.Үздік стартап
Жеңімпаз: osvetim
2. Үздік поп дүкені
Жеңімпаз: believer.qazaq
3. Әлеуметтік желілерде белсенділігі үшін
Жеңімпаз: osvetim
4. Ең «дәмді» жоба
Жеңімпаз: Keksberry
Дауыс беруге 503 адам қатысты. Жәрмеңкеде барлығы 700-ге жуық адам болған. Нәтижесінде қайырымдылыққа бөлінген сома 72 891 теңгені құрады.
AlmaU Store Day-дың басты идеясы
AlmaU Store Day-дың басты идеясы – студенттерге өздерін, өнімдерін таныстыруға мүмкіндік беру, университеттің қолдауымен алғашқы қадамдарын жасауға сенімділік ұялату. Жәрмеңкеде олар өз өнімдері мен қызметтерін тұтынушыларға ұсына алды. Бұл біздің жас кәсіпкерлер үшін баға жетпес тәжірибе.
Жәрмеңкедегі фотосуреттерді қарап шығып, жарқын эмоцияларды сезініңіз. Ол үшін https://zly7zhqg85es.wfolio.pro/disk/14-12-2022-almau-store-day сілтемесіне өтіңіз.