AlmaU-дың инновация және кәсіпкерлік мектебі: тиімді ынтымақтастық
AlmaU-дың Entrepreneurship & Innovation командасы Ұлыбританиядағы Норхэмтон университеті мен Рединг университетінің Хенли Бизнес мектебіндегі әріптестермен кездесті, сондай-ақ Өзбекстандағы "Креативті Орталық Азия" атты форумға қатысты.
Ташкент қаласында өткізілген "Креативті Орталық Азия" атты форумға қатысу
Қараша айында Орталық Азияның барлық креативті секторының көшбасшылары британдық әріптестерімен биылғы жылы Ташкентте ұйымдастырылған Орталық Азияның креативті көшбасшыларының үшінші конференциясына жиналды. Кәсіпкерлік және инновация мектебінің атқарушы директоры Ксения Южанинова-Қараденизли бұл жиынға спикер ретінде қатысты, сонымен қатар форумды ұйымдастыру жөніндегі стратегиялық топтың жұмысына қатысты. Стратегиялық топ конференцияның тақырыптарын, қатысушылары мен спикерлерін, форумды бағалау және оның қорытындысын шығару жұмыстарына атсалысып, көмектесті. AlmaU кәсіпкерлік және инновация мектебінің Орталық Азия форумы бағдарламасын дайындауға қатысуын мектеп жұмысының жоғары деңгейде екендігін көрсетеді. Ал бұған дейін Қазақстанда кәсіпкерлік білім беру және креативті экономиканы дамыту саласында кәсіпкерлік және инновацияны дамыту орталығының атқарған жұмысының нәтижесі деп бағалауға болады.
Форум аясында сұхбаттар өткізілді, атқарылған жұмыстарға баға берілді және Орталық Азиядағы креативті экономиканы дамыту тәртібін алға жылжыту үшін мақсаттар белгіленді. Биылғы жылы пікірталасқа Түркіменстан қосылды, осылайша, диалог бүкіл өңірді қамтыды. Осы жылғы конференцияның тұжырымдамасы, мақсаттары мен ауқымы тұтастай алғанда өзгеріссіз қалғанымен, биылғы жылы ұйымдастырушылар Орталық Азия елдерінің креативті және мәдени көшбасшыларының жаңа үрдісінің іргетасын қалап, өңірдің креативті экономикасы үшін манифест ұсынды.
Бірінші форум 2017 жылдың қараша айында Астанада Британдық Кеңеспен ұйымдастырылған еді. Биылғы жылы форумға Ұлыбритания, Тәжікстан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстан елдерінен 150-ге жуық қатысушы келді.
Бүгінгі таңда креативті экономика әлемдік экономиканың ең серпінді дамып келе жатқан секторларының бірі болып табылады. Ernst & Young есебіне сәйкес креативті әдістер дамыған елдердің экономикаларына әлемдік ЖІӨ – нің 3% - ға жуығын (2250 млрд АҚШ доллары және 29,5 млн адамды жұмысқа орналастыру) қамтиды және форумға қатысушылардың пікірінше, бұл сала-болашақтың негізгі экономикасы болады.
University of Northampton и Henley Business School –дағы әріптестермен бірге атқарылған жұмыстар
Биылға жылдың қараша айында AlmaU кәсіпкерлік және инновация мектебінің сарапшысы, "Creative Spark: Higher Education Enterprise Programme AlmaU" жобасының үйлестірушісі Данияр Медетов және AlmaU кәсіпкерлік және инновация мектебінің сарапшысы Динара Рысбекова Creative Spark жобасы үшін бірлескен ынтымақтастықты жоспарлау жұмысының сессиясына қатысу үшін University of Northampton-да болып қайтты.
Creative Spark – бұл Біріккен Корольдіктің қолдауымен Орталық Азия (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан), Оңтүстік Кавказ (Әзірбайжан, Армения, Грузия) және Украинада жеті елде кәсіпкерлік дағдылар мен креативті экономиканы дамыту мақсатында Халықаралық университеттерді қолдау және халықаралық әріптестік құру бойынша Британ Кеңесінің бес жылға арналып жасалған бастамасы болып табылады.
Алматы Менеджмент Университеті және University of Northampton бірлесе отырып ынтымақтастықта Орталық Азиядағы "Фэшн кәсіпкерлік" атты жобаны екі жылдан бері жүзеге асыруда. Аталған жобаның мақсаты-қазақстандық дизайнерлер мен сән индустриясының өкілдеріне сүйікті істерін пайдалы бизнеске айналдыруға көмектесу, сондай-ақ елдегі креативті индустрияның мүмкіндіктерін кеңейтуге жәрдем беру болып табылады.
Биылғы жылы бенефициар ретінде серіктестікке Алматы технологиялық университеті мен Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының фэшн-резиденттері қосылды. Бұл фэшн индустрия мамандығы бар жоғары оқу орындарына Қазақстанда фэшн білім беруді дамыту үшін шеберлік –сабақтар, тренингтер өткізілетін болады. Сонымен қатар сән индустриясының өкілдері 2020 жылдың наурыз айында Ұлыбританияның үздік фэшн маркетолог-тарынан консалтинг ала алады. Аталған іс-шаралардың барысында үш ЖОО-ның 50 студенті үшін Fashion Base Camp өтетін болады.
2020 жылдың сәуір айында AlmaU өз ғимаратында Henley Business School (Ұлыбритания) серіктестерін қабылдайтын болады. Кәсіпкерлік бағыттағы оқу орындарының топ-менеджменті, зерттеушілер мен сән индустриясының өкілдері осы іс-шараның арқасында "Entrepreneurial University's Business Model: Stakeholder Theory Approach" зерттеу семинарына қатыса алады. Қазақстан-Британ Техникалық Университетінің бизнес-инкубаторының резиденттері үшін "Formula of Value Proposition" және "Customer Development for nascent stage entrepreneurs" шеберлік-сабақтар ұйымдастырылады. Шағын және орта бизнес өкілдері үшін AlmaU-дың кәсіпкерлік және инновация мектебінің сарапшылары мен фэшн-маркетинг және стратегия сарапшылары бірге үш күндік консалтинг сессиясын өткізеді.
Жобаға байланысты жаңалықтарды Instagram-дағы ресми парақшадан оқи аласыздар
Инновация және кәсіпкерлік мектебінің соңғы жаңалықтарын Instagram парақшасынан оқи аласыздар